Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматыдағы аудан әкімдігі журналисті шығарып жіберген күзетшіге байланысты ақталды (ВИДЕО)

Бұған қоса, олар қызметтік тексеріс жүргізілетінін мәлім етті. 

Алматыдағы аудан әкімдігі журналисті шығарып жіберген күзетшіге байланысты ақталды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматы қаласы Алатау ауданының әкімдігі "Хабар 24" телеарнасының журналисі Ақбөпе Тәңірбергенмен болған оқиғаға байланысты түсініктеме берді деп хабарлайды Paryz.kz

Қолданыстағы карантиндік шектеулерге байланысты Алатау ауданы әкімдігінің ғимаратына кіру шектелген және Ashyk қосымшасы бойынша жүзеге асырылады. Журналист Ақбөпе Тәңірберген оператормен бірге ғимаратқа қосымшадағы өз мәртебесін сканерлемей, турникеттің астымен өткен, бұл туралы тиісті бейнежазба бар.БАҚ өкілдері күзет қызметі қызметкерлерінің ескертулеріне жауап бермей, жанжалды жағдайды туындатты, – дейді әкімдік өкілдері. 

Бұған қоса, олар қызметтік тексеріс жүргізілетінін мәлім етті. 

Тағы оқи отырыңыз: Журналистердің құқығын бұзуға жол берілмеуі керек - Аида Балаева

Алатау ауданының әкімдігі күзет қызметі қызметкерінің әрекетін қолайсыз екенін ресми түрде мәлімдейді. Бұл әрекеттері үшін қызметтік тергеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижелері бойынша оларды жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылады. Сонымен қатар, әкімдік БАҚ өкілдерімен конструктивті негізде жұмыс істеу үшін ашық және өз құзыреті шеңберінде қызығушылық танытқан ақпаратқа қол жеткізуге дайын екенін атап өтеді. Аудан әкімі журналистерге сұхбат беруге дайын, – деді әкімдіктегілер.

Өз кезегінде әкімдік өкілдері желіге басқа қырынан түсрілген видео жариялады. Онда журналист пен оператордың турникет астынан карантиндік шектеулерді елемей өтіп кеткені байқалады.