Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Әрбір зейнеткерге 59 000 теңгеден беріледі": Тағы бір жалған ақпарат тарады

Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды.

"Әрбір зейнеткерге 59 000 теңгеден беріледі": Тағы бір жалған ақпарат тарады
фото: ашық дереккөз

Қазнетте әрбір зейнеткерге 59 000 теңге мөлшерінде төлем төленуі керек екендігі туралы ақпарат таратылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті тапсырма берген екен. Алайда бұл ақпарат жалған деп хабарлайды Paryz.kz, StopFake.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды.

Азаматтарға мұндай хабарламаларды алаяқтар жеке аккаунттар мен банктік шоттарды иемдену үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз. Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер және алаяқтықтың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыздар. Азаматтардан фейктерге назар аудармауын және ақпаратты тек ресми дереккөздерден ғана алынған ақпаратты ғана пайдалануын сұраймыз, – деп түсіндірді ведомстводағылар.