Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Оралда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

«Жастарға жұмыс» аталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі  орталық арбатта  ұйымдастырылды. Облыстық және қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының бастамасымен өткен жәрмеңкеде  700-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды.

Оралда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Фото: Томирис Сұлтан

Іс-шара жастардың тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыра отырып, өңірде жұмыссыздық деңгейін төмендетуді мақсат етті. Жәрмеңкеде облыстағы ірі өндіріс ошақтары мен кәсіпорындар, қала мен аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелер бос жұмыс орындарын ұсынды. Мәселен, «KazconstuctionGroup», «ОралИнвестком», «Гидромаш-Орион-МЖБК», «Топан», «СКФ Наурыз», «Kazintrust», «СКФ Отделстрой», «Баталасу», «Кублей» ЖШС-лары үшін дәнекерлеуші, электрик, жүргізуші, арматуршы, қалыптаушы, инженер, дизайнер, бухгалтер, сату менеджері және жұмысшылар қажет. Сондай-ақ мемлекеттік мекемелер өздеріне қажетті мамандар бойынша жұмыс іздеушілердің түйіндемелерін қабылдады.

Жалпы жәрмеңкеде 700-ден аса бос жұмыс орны ұсынылып, 160-қа жуық жұмыс іздеуші кеңес алды. Оның ішінде 50-ге тарта жасқа бос жұмыс орнына жолдама берілді.

Томирис СҰЛТАН