Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қызылордада көпбалалы әке аштық жариялап, аузын тігіп тастады (ВИДЕО)

Жол саламыз деп уәде берген әкімдік уәдесін орындамаған.

Қызылордада көпбалалы әке аштық жариялап, аузын тігіп тастады (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Қызылорда қаласында көпбалалы әке аштық жариялап, өзінің аузын тігіп тастады. Бұған себеп – «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы жолдың нашарлығы деп хабарлайды Paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, балаларды мектепке апарып, алып келу қиынға соғады. Балалардың тамағы мен жолақысына бір күнде 5-6 мың теңге жұмсайтынын айтты. Ал бұл оның табысымен сәйкес келмейді. Жол саламыз деп уәде берген әкімдік уәдесін орындамаған. Ашынған әке аштық жариялап, аузын тігіп тастауға мәжбүр болған көрінеді.

Көпбалалы әкемін деп емес, жағдайдың қиын екенін айтамын. Мектеп пен үйдің арасы 10 шақырым. 2 мың теңгемен сабаққа апарам, 2 мың теңгемен алып қайтамын. Сонда бұл қалай болады? Мен байдың баласы емеспін. Сол себепті аузымды тігіп, аштық жариялауға мәжбүр болдым, – деді ол Atameken business арнасындағы бағдарламада.