Елдің көзін бір суретпен бояп, алдап отырған адамнан тұтас ұлтқа жақсылық күту де ақымақтық!
Мұхамеджан Тазабековтың көпшілік алдындағы сөзіне қарасаң - күнәсіз періште дерсің. Ал елдің көзін бақырайтып қойып, алдап жүргені мынау деп жазды журналист Тоқтар Жақаш facebook-парақшасында.
Қонаевпен бірге түскен суретте Абай Ескендиров те бар еді. Муха осы суретті парақшасына қоярда Абай досын торшерге айналғанша бояп тастапты! Елдің көзін бір суретпен бояп, алдап отырған адамнан тұтас ұлтқа жақсылық күту де ақымақтық!
Айтпақшы, бұл сабазың "Асыл арнаны" техника, архивімен қосып Діни басқармаға өткіземіз" деген уәдесінде де тұрмапты! Сөйтіп жүріп, Тұрсынбек Қабатовтың қорғаушысы болып шыға келіпті ғой! - деп жазды ол.