Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Түркістан әкімдігі 40 млрд қарыз сұраған

2021 жылы Түркістан облысы республикалық бюджеттен 221,7 млрд бөлінді.

Түркістан әкімдігі 40 млрд қарыз сұраған
фото: ашық дереккөз

2021 жылдың ішінде Түркістан облысының әкімдігі екі миллиардқа жуық теңгені игермегенімен, биржаға екі рет облигация салды деп хабарлайды Paryz.kz, Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

KASE мәліметтері бойынша, облигациялар Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының қызметін, сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды қаржыландыру үшін шығарылды.

2021 жылы Түркістан облысы республикалық бюджеттен 221,7 млрд бөлінді.

  • Облыстың ауыл шаруашылығы ме,н қоршаған орта саласы – 460,97 млн теңге,
  • Көлік және байланыс саласы – 308,9 млн теңге,
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 223,9 млн теңге игерілмеді.

18 тамызда облыстар мен қалалардың 17 әкімдігінің 9-ы қор биржасына облигация шығарды. Алайда, тартылған қаражат көлемі айтарлықтай төмен.