Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Ертең бірнеше өңірде жел соғып, тұман түседі

Кей жерлерде өрт қаупі сақталады.

Ертең бірнеше өңірде жел соғып, тұман түседі
Фото: sputniknews.kz

6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде жел соғып, тұман түседі, деп хабарлады paryz.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-бытыстан жел соғады, күші кей жерінде 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с-ке жетеді.

Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл, солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Шымкентте солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.