Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстанда пәтер бағасы тағы да қымбаттап кетті

Статистикаға сәйкес, 2021 жылдың шілдесінде тұрғын үйдің бір шаршы метрі 339 935 теңге болды.

Қазақстанда пәтер бағасы тағы да қымбаттап кетті
фото: ашық дереккөз

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы жаңа тұрғын үйлер шамамен 10%-ға қымбаттады деп хабарлайды Paryz.kzlsm.kz-ке сілтеме жасап.

Статистикаға сәйкес, 2021 жылдың шілдесінде тұрғын үйдің бір шаршы метрі 339 935 теңге болды. 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9,7%-ға өсті.

Шымкенттегі пәтерлердің бағасы қатты өскен. Бұл қаладағы пәтерлер 13,7%-ға қымбаттады, ал шаршы метрі 396 365 теңге болады. Өскеменде пәтерлер 2%-ға ғана қымбаттап, 269 909 теңгеге жетті.

Ең қымбат – Нұр-Сұлтаннан пәтер сатып алу. Елордада шаршы метрдің бағасы – 435 989 теңге. Одан кейінгі орында Алматы тұр – 396 365 теңге. Таразда пәтерлер ең арзан болып саналады. Олардың бағасы шаршы метріне 149 666 теңге. Бұл Нұр-Сұлтанға қарағанда үш есе арзан.