Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қостанай облысында қайтадан блокпосттар қойылуы мүмкін

Оған кей кәсіпорындар мен бизнес өкілдерінің шектеу шараларын сақтамағаны себеп болған

Қостанай облысында қайтадан блокпосттар қойылуы мүмкін
Фото: ratel.kz

Бүгін облыс әкімдігінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысы өтіп, карантин шараларын енгізу мәселесі қаралды, деп хабарлады paryz.kz.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтқандай, аймақтағы шектеу шараларына қарамастан, кейбір кәсіпорындар мен бизнес нысандары тиісті режимді сақтамаған. Жалпы, облыста рейд барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар 5 мың рет бұзылғаны белгілі болды.

"26 қыркүйекте Жітіқара қаласында 01.40 сағатта "Квадро" түнгі клубы жұмыс істеген, осы күні сағат 14.00-де Жангелдин ауданының Торғай ауылында беташар рәсімі өтіп, үйге 50 қонақ шақырылған. 27 қыркүйек күні Қарабалық ауданындағы "Статус-Лэнд" кафесінде 40 адам қатысқан үйлену тойы тойланды. Сондай-ақ, дүкендер сатып алушыларға қолғапсыз және бетпердесiз қызмет көрсеткен. Негізінен жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбау, "қызметке тыйым салу" режимінде жұмыс істеу және жұмыс уақытын шектемеу, карантин және локдаун режимі кезінде бұқаралық іс-шаралар өткізу жалғасуда. Тексеру бойынша 1221 хаттама толтырылып, 61,5 млн теңгеден астам сомаға 841 айыппұл салынды", - деді облыс басшысы.

Архимед Мұхамбетов эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды күшейту, оның ішінде санитарлық және блокпостарды қайтадан қою мәселесі қарастырылатынын айтты.

Сонымен қатар, қала мен аудан әкімдеріне, мемлекеттік мекемелердің басшыларына карантин режимін сақтау мониторингі бойынша жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ, тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.