Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Жаңылмайтын жақ жоқ": Қыдырәлі Болманов Қабатовты қорғаштап жатыр

Танымал продюсер қазақтың әнсіз де, әзілсіз де өмір сүрмегенін атап өтті. Осы ретте ол 6 ұл-қыз тәрбиелеп отырған Тұрсынбек Қабатовты қолдап, оған жылы тілегін арнады.

"Жаңылмайтын жақ жоқ": Қыдырәлі Болманов Қабатовты қорғаштап жатыр
фото: ашық дереккөз

Танымал продюсер Қыдырәлі Болманов аз ғана қазақтың бір-бірін табалап, кемшілігін көрсе жамандап шығатынына шамданды. Ол қателесуге әркімнің құқығы бар екенін айтып, Тұрсынбек Қабатовты қолдады деп хабарлайды Paryz.kz

Әйтеуір ат төбеліндей қазақ бірін-бірі талап, бірін-бірі жамандап, біреуі сүрінсе, қалғаны қолтығынан демеудің орнына, неше түрліні айтып түрлендіріп, төндіре түсуді әдет қылып алғанбыз.. Ол бізге не береді?

Берекесіздіктен басқа берері жоқ. Бөлінгенді бөрі жейдінің кері. 
Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Неше түрлі жаман сөздерді жазғыштар, сіздер ешқашан қателеспеген пендесіздер ме? Бәріміз қате-күнәларымыз көп пенделерміз, Алланың құлдарымыз! Осыны ұмытпайықшы. Бәрі бір Алланың қалауымен.

Бірақ берекені - бірлігімізге, бірлікті - ниетімізге қарай бермей ме? Мына толқып тұрған заманда, бір-бірімізге тірек, бір-бірімізге жанашыр болмасақ, кім бізге сырттан келіп тірек болмақ? - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Танымал продюсер қазақтың әнсіз де, әзілсіз де өмір сүрмегенін атап өтті. Осы ретте ол 6 ұл-қыз тәрбиелеп отырған Тұрсынбек Қабатовты қолдап, оған жылы тілегін арнады.

Тұрсынбек - қазақтың маңдайы жарқыраған талантты ұлы! Қаншама ұл-қыз өсіріп отыр. Алла бақыттарын көрсетсін! Тіл-көзден сақтасын! Алла қорған болсын! Еліміз-жеріміз аман болсын! Әр отбасына амандық, бірлік, бақыт, береке тілейміз! - деп түйіндеді сөзін ол.