Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Сарыағашта 23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды

Жас отбасының үшемнен бөлек, тағы 1 ұл, 2 қызы бар.

Сарыағашта 23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды

Сарыағаш ауданы Дербісек ауылының 23 жастағы тұрғыны Еркінай Есенбаева алты баланың анасы атанды, деп хабарлады paryz.kz, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұңғышын 18 жасында босанған жас ана №1 облыстық перинаталды орталықта дүниеге үшем алып келді.

Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдің денсаулығы сыр беріп, сәбилерін мерзімінен ерте - 8 айда босанған. Ана мен баланың өміріне қауіп төндірмес үшін дәрігерлер әйелді кесар тілігі арқылы босандырған. Екі ұл мен бір қызды өмірге алып келген жас ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы және дәрігерлердің арнайы күтімінде. Көпбалалы ананың дәрігерлерге алғысы шексіз.

Сәбилердің салмағы 2170 грамм, 2100 және 2615 грамм. Отбасымен ақылдаса келе, нәрестелерге Ақжан, Маржан және Бақжан есімдерін берген. Жас отбасының олардан бөлек, тағы 1 ұл, 2 қызы бар.