Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Атырауда мүгедек балаларды дәретханада байлап ұстаған (ВИДЕО)

Әйелдің айтуынша, орталық басшылығы ашуға бой алдырып, онымен еңбек шартын ұзартпауға шешім қабылдаған. Әйел қала әкімдігіне жүгінген, оның айтуынша, ешқандай шара қолданылмаған.

Атырауда мүгедек балаларды дәретханада байлап ұстаған (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Атырау қаласындағы №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкері осы мекемедегі балалардың өмір сүру жағдайлары көрсетілген бейнеролик көрсетті деп хабарлайды Paryz.kz, "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Ұлбике Бисекенова журналистерге берген сұхбатында бұрын осы орталықта жұмыс істегенін айтты. Оның айтуынша, арнайы мекемеде науқас балаларға дұрыс күтім жоқ. Әйел өзінің сөзін дәлелдеу үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың дәретхана батарейіне кісенделген видеосын көрсетті.

Тағы бір кадрда мекемеден шелегімен шыққан ер адам бейнеленген. Бұрынғы қызметкердің айтуынша, бейне орталықтағы ұрлық фактісін растайды.

Мүгедек балаларға өте нашар қарайды, оларға күтім жасалмайды. Оларға мерзімі өтіп кеткен өнімдер сатып алынады, ал комиссия келгенде олар бірден жаңа өнімдерді шығарып, бәрі жақсы екенін айтады. Оларға ұятсыз және балағат сөздер қолданылады. Мен балаларға деген мұндай қарым-қатынасқа таң қалдым, онда тәртіп орнату керек, – деді Ұлбике Бисекенова.

Бисекенова науқас балаларды асырауға мемлекет миллиондаған қаржы бөлетінін, бірақ олар бұл көмекті алмайтынын айтты.

Мен директордан тәртіп орнатуды талап еттім, бірақ ол құлақ аспады. Балалардың дәретханада кісенделгенін бірнеше рет көрдім. Дереу директорға хабарладым. Ол сөзімді елемеді, – деді орталықтың бұрынғы жұмысшысы.

Әйелдің айтуынша, орталық басшылығы ашуға бой алдырып, онымен еңбек шартын ұзартпауға шешім қабылдаған. Әйел қала әкімдігіне жүгінген, оның айтуынша, ешқандай шара қолданылмаған.

Облыстың Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жағдайға түсініктеме берді. Бөлім бастығының орынбасары Альфия Байганина бұл видеоны Ұлбике Бисекенова шынымен 2021 жылдың сәуірінде түсіргенін айтты.

Біз тергеу жүргіздік, нәтижесінде мекеме директорына өз командасы тарапынан тиісті бақыла жасамағаны үшін қатаң сөгіс берілді. Бұған Ұлбике Бисекенованың қатысы бар, – деді Байғанина.

Ол бейне шілдеде басшылыққа берілгенін айтты.

Біз ішкі тергеу жүргіздік, сол күні кезекші тәрбиешілер олардың балаларды байлағанын жоққа шығарады. Ұлбике олардан кейбір заттарды әкелуді сұраған: біреуі түскі ас әкелуге, екіншісі басқа жерге кеткен. Нәтижесінде Ұлбике Бисекенова жалғыз қалған. Мұнда үшінші адамның қатысы болуы мүмкін, тіпті куәгердің өзінің де, – деді Байганина.

Ұлбика Бисекеноваға қатысты бөлім басшысының орынбасары қызметкер анықтағанға дейін жұмыстан шеттетілгенін, қазір ол орталықтың қызметкері емес екенін айтты.

Сондай-ақ берілген видеоға полицейлер қызығушылық танытқаны белгілі болды.