Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Түрмедегі кездесулерге тыйым салынды

Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекемелерде қамауда отырғандар телефонмен сөйлесу, сондай-ақ, бейнекездесу қызметін қолдана береді.

Түрмедегі кездесулерге тыйым салынды
фото: jur24pro.ru

Эпидемиологиялық ахуал бойынша "қызыл" аймаққа кіретін өңірлерде сотталғандармен кездесуге рұқсат берілмейді деп хабарлайды Paryz.kz, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 32 қаулысына сәйкес, сырқаттанушылар көрсеткіші жоғары өңірлерде сотталушылармен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге тыйым салынды, - дейді комитет мамандары.

Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекемелерде қамауда отырғандар телефонмен сөйлесу, сондай-ақ, бейнекездесу қызметін қолдана береді.

Бүгінгі күні сотталғандар мен тергеудегілер қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Короновирустық инфекцияның жаңа штамының таралуына жол бермеу мақсатында желдету, бөлмелер мен кабинеттерді кварцтау, сондай-ақ маска режимін сақтау шаралары күшейтіліп отыр, - делінген ресми хабарламада.

Алайда қаулыда көрсетілген шектеулер сотталғандарды этаппен алып жүруге жататын мекемелердің ұжымына қолданылмайды. Бұдан бөлек, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жүргендер вакциналаудың толық курсын алған жағдайда түрмеден тыс жұмыс нысандарына жіберіледі.

Ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге рұқсат елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына қарай берілетін болады, - дейді комитет қызметкерлері.