Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алматы әлемдегі ең арзан қалалардың бірі болып шықты

Қазақстанның басқа да өңірлерінде бағаларды салыстыратын болсақ, картина мүлдем керісінше екенін байқаймыз. Қалада өмір сүру еліміздің стандарттарына сәйкес қымбат болып есептеледі.

Алматы әлемдегі ең арзан қалалардың бірі болып шықты
фото: e-history.kz/фото Макисма Золотухина

Алматы күтпеген жерден әлемдегі өмір сүру үшін ең арзан қалалардың бірі екені анықталыпты. Қазақстанның ең ірі қаласы 133 қаланың ішінен 129 орынға ие болған деп хабарлайды Paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Рейтингті британдық сарапшылар жасаған көрінеді. Мамандар 140-қа жуық тауар мен қызмет түрлерінің бағаларын салыстырған. Оның ішіне тұрғын үй, азық-түлік, алкоголь, ойын-сауық мекемелерін жалға алу құны мен коммуналдық тарифтер кірген. 

Әлемдегі өмір сүру үшін ең қымбат қалалар тобына Цюрих, Париж және Гонконг кірген. Төртінші орында Сингапур тұр. Ал ең арзан қалалар ретінде Ташкент пен Дамаск танылды. Қазақстандық қалалардың ішінен рейтингке тек Алматы ғана енген. Ол венесуэлалық Каракас пен замбиялық Лусаканың алдында орналасқан.

Ал егер Алматыда және Қазақстанның басқа да өңірлерінде бағаларды салыстыратын болсақ, картина мүлдем керісінше екенін байқаймыз. Қалада өмір сүру еліміздің стандарттарына сәйкес қымбат болып есептеледі. Мысалы, егер тамақ өнімдері туралы айтатын болсақ: жұмыртқа алматылықтарға 40%-ға, ұн 29%-ға, ал сары май 15%-ға қымбатқа түседі.