Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Сымбат Қанай - Назарбаев университетінің студенті: Тұрсынбек ісі бойынша жаңа деректер жарияланды

Енді мына қызықты қараңыз, Сымбат – “140+1”оқу орталығының директоры Нұрбектің қарындасы болып табылады. Яғни, бұл жерде ағасы қарындасын осындай іске итермелеген болып шығады.

Сымбат Қанай - Назарбаев университетінің студенті: Тұрсынбек ісі бойынша жаңа деректер жарияланды
фото: kznews.kz

Заңгер Абзал Құспан Тұрсынбек Қабатовтың қызына байланысты жаңа деректер жариялады деп хабарлайды Paryz.kz

Заңгердің айтуынша, Сымбат Қанай аталған оқу орталығы директорының қарындасы және Назарбаев университетінің студенті.

Әңгіме Тұрсынбектің қызының орнына жалған куәлікпен кірген Сымбат Қанай туралы. Менің осы адамдар ішіндегі ең жаным ашитыны да – осы қарындас. Неге? Түсіндіріп айтайын. Әрине, бұл қыздың әрекетінде ҚР ҚК-ның 385-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыс құрамы бар деп есептеймін, себебі, жалған құжат жасату (385 бап, 1 бөл) бөлек, ал оны пайдалану (385 бап, 3 бөл) бөлек қылмыс құрамын құрайды.

Енді мына қызықты қараңыз, Сымбат – “140+1”оқу орталығының директоры Нұрбектің қарындасы болып табылады. Яғни, бұл жерде ағасы қарындасын осындай іске итермелеген болып шығады.

Сонымен қатар ол қарындас мен бөліскен ақпаратта көрсетілгендей, ЕНУ-дың емес, НУ-дың, яғни Назарбаев Университетінің студенті екен, - деп жазды заңгер.