Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Теміртаулық өзі құрастырған көлікті миллион долларға бағалады (ВИДЕО)

Желіде пікір білдірушілер бұл бағаның қымбат екенін айтып, Қазақстанда мұндай ақшаға ешкім көлік сатып алмайтынын жазып жатыр.

Теміртаулық өзі құрастырған көлікті миллион долларға бағалады (ВИДЕО)
фото: koleso.kz

Бэтмобильді құрастырған теміртаулық Евгений Бондаренко өнертабысын 425 миллион теңгеге бағалап отыр деп хабарлайды Paryz.kz.

Кім сатып алғысы келді, асығыңыз, - деп жазды ер адам Instagram парақшасында сату туралы хабарлама қалдырып.

Sputnik Қазақстан хабарлағандай, автокөлік сипаттамасында Batmobile Tumbler кеңістік рамада нөлден бастап жасалғаны көрсетілген. Өнертапқыш қозғалтқышты Toyota маркалы көліктен алған. Бағасы – 425 миллион теңге.

Пікірлердің бірінде Евгений Бондаренко бұл соманы жұмыс үшін лайық деп санайтынын жазған.

Бұған қаншама күш жұмсалды. Арзандатудың жөні жоқ. Дәл мұндай көлік әлем бойынша сатылымайды, - деп жазды ол.

Желіде пікір білдірушілер бұл бағаның қымбат екенін айтып, Қазақстанда мұндай ақшаға ешкім көлік сатып алмайтынын жазып жатыр.

"Қымбат, 100-200 мың долларға бағалауға болады"; "Мен бұл ақшаға 200 көлік сатып аламын"; "Еңбек екені рас, бірақ бағасы тым қымбат. Мұнда оны ешкім сатып алмайды және бізде сатылымға қоюдың мәні жоқ. EBay-ге қойыңыз, сол жақта тез өтіп кетуі мүмкін", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Кейбірі Евгенийге өнертабысын басқа маркалы автокөлікке айырбастауды ұсынды. Ер адам дәл сол ақша үшін тек ұшақ ұсынуға болатынын жеткізді.

Қазақстандықтың ерекше хоббиі туралы биыл маусымда айтыла бастады. Евгений Бондаренко бала кезінен бастап Бэтмен және Кристофер Ноланның "The Dark Knight" фильмдерінің жанкүйері болғанын айтты.

Ол бэтмобильді құрастырып шығуға үш жыл жұмсаған.