Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстанда жанармай тағы да қымбаттап кетті

Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,8%-ға артық.

Қазақстанда жанармай тағы да қымбаттап кетті
фото: ашық дереккөз

2021 жылдың шілдесінде АИ-92 құны 14,8%-ға өсті деп хабарлайды Paryz.kz, LS-ке сілтеме жасап.

Статистика деректері бойынша, осы жылдың шілде айында Қазақстанда ЖЖМ-нің бұл түрі орташа литріне 173,05 теңгеден сатылған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,8%-ға артық. Бір ай ішінде отын 0,9%-ға қымбаттады. Бұл ретте Петропавлда АИ-92 литріне 180 теңгеден, ал Көкшетауда литріне 165 теңгеден сатылады. Алматыда жанар-жағар май литріне 173 теңгеден, Нұр-Сұлтанда –174 теңгеден, Шымкентте – 169 теңгеден сатылды.

АИ-95 бір жыл ішінде 15,3%-ға, литріне 197,73 теңгеге дейін қымбаттады. 0,6% айлық құрады. Ең қымбат отын Қостанайда сатылады – литріне 208 теңге, Қызылордада – 184 теңге. Нұр-Сұлтанда – литріне 201 теңге, Алматыда – 200 теңге, Шымкентте – 196 теңге.

АИ-98 шілде айында литріне 216,42 теңге болды. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 14%-ға көп, бір ай бұрынғымен cәйкесінше, 0,5%-ға аз. Павлодар бойынша жанар-жағар майдың литрі 228 теңге, Көкшетауда – 194 теңге. Нұр-Сұлтанда – 214 теңге, Алматыда – 215 теңге, Шымкентте – 220 теңге.

Жазғы дизель отыны бір айда литріне 196,32 теңгеге дейін 2%-дық өсімді көрсетеді. Бір жыл ішінде баға 6,4%-ға өсті. Жанар-жағармай бағасы Қостанайда – литріне 212 теңге, ал Семейде арзанырақ - 191 теңге.

Бұған дейін Қазақстанда бензин Ресейге қарағанда тезірек қымбаттап жатқаны хабарлаған болатын.