Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Саған сендім ғой!": Желіде Қабатовтың қызының "репетиторымен" болған әңгімесі тарады

"- Сен неге бізбен ақылдаспадың?! Үлкен қылмыстық іске барғаныңды білесің бе?! Өзім де сені соттайын деп тұрған жоқпын, өзің де ақылды баласың ғой... Жақсы репетитор болғаннан кейін саған сендім ғой!.."

"Саған сендім ғой!": Желіде Қабатовтың қызының "репетиторымен" болған әңгімесі тарады
фото: ашық дереккөз

Жалған құжат жасату арқылы ҰБТ-ға қызының орнына өзге біреуді кіргізіп, ұятқа қалған әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың instagram парақшасында Нұрбек деген "репититормен" болған аудиосы тарап кетті деп хабарлайды Paryz.kz

Армысыздар құрметті Отандастар! Кешелі бері қызу талқыланып жатқан  келеңсіз оқиғаның шын мәнісінде қалай болғаны туралы түсіндіре кеткенді жөн санадым. Ата-ана ретінде бұл оқиға бізге де өте ауыр тиіп отыр. Қолдау білдіріп жатқан жандарға зор рахмет.
Оқиға бойынша айтарым осы видеода, - дейді instagram-парақшасында Қабатов.

Дыбысзорайтқыш арқылы сөйлескен екеудің қысқаша диалогы былайша өрбиді (Тұрсынбек "репетиторға" телефон соғады):

- Алло, кімсің?!

- Нұрбекпін, аға.

- Тұрсынбекпін. Жағдайдың бәрін біліп отырған шығарсың... Кеше жексенбі болып, сендерге "повезло" болды қайта. Кеше бір видео жібере салыпсыңдар бетін бұлдыратып, кешірім сұратып. Оған кім сенеді?!Нұрбек, сен мынаны түсіңдірші, сен маған не мамасына айтпай неге ондай тірлікке бардың, біріншіден?!Екіншіден, ол қыз кім? Кім тапты, сен бе тауып жүрген?..

- Аха. Жақсы дайындалып жүріп... тосыннан қуантайын дегенмін.

- Ел "Тұрсынбек жалған құжат жасап, ҰБТ-ға кірді" деп жатыр. Ал сен қызыма айтпай, ол ҰБТ-ға кіргенде "ол қыз саған көмектеседі, клавиатураның астында жалған құжат тұр" деп айттың ба?!

- Иә, кіретін кезде айттым...

- Сен неге бізбен ақылдаспадың?! Үлкен қылмыстық іске барғаныңды білесің бе?! Өзім де сені соттайын деп тұрған жоқпын, өзің де ақылды баласың ғой... Жақсы репетитор болғаннан кейін саған сендім ғой!

Әдеміге ҰБТ-дан жоғары балл қажет емес екенін білесің, ол шетелге оқуға дайындалып жатқанын білесің. Мен біреудің аузынан жырып, грантын жұлып алғым келіп тұрған жоқ... - дейді тұтқанын ар жағынан Тұрсынбек Қабатов. 

Жұртты шу еткізген оқиға жөнінде толығырақ төменде айтылады.