Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ақмола облысында басқарма басшысы қылмыс үстінде ұсталған

Алайда өңірдің Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қандай қызмет үшін және кімнен заңсыз сыйақы алғаны әзірше белгісіз.

Ақмола облысында басқарма басшысы қылмыс үстінде ұсталған
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаевты 30 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен қамауға алды деп хабарлайды Paryz.kz, kokshetau.asia сайтына сілтеме жасап. 

Департамент қызметкерлері шенеунікті өткен сенбіде Алматыда ұстаған.

Ақпарат көзіне сәйкес, Таласбаев 13 миллион теңге пара алып жатқан кезде қылмыс үстінде ұсталған. Бұл өзі талап еткен 30 миллион теңгенің бір бөлігі ғана екені белгілі болды.

Алайда өңірдің Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қандай қызмет үшін және кімнен заңсыз сыйақы алғаны әзірше белгісіз.

Сонымен қатар шенеуніктің бұл әрекеті қылмыстық кодекстің 366-бабы ("Пара алу") бойынша қаралатыны айтылған. Егер шенеуніктің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, он бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

Бұл өңір шенеуніктерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің күдігіне ілінген бірінші жағдай емес. Былтыр қазанда Ақмола облысы Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Рүстем Бикенов жеті жылға бас бостандығынан болатын. Ол ірі көлемде бірнеше рет пара алды деп айыпталды. 

Сонымен қатар биыл сәуірде Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов та қамауға алынды. Ол қызметін пайдалану арқылы ірі көлемде сеніп табысталған мүлікті талан-тараж ету бойынша айыпталды.