Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шымкентте мәйітханалардың алдында кезекте тұрғандар көбейген

Марқұмдардың туыстарына қоштасуға да уақыт осы жерде беріледі. Қайтыс болғандардың басым көпшілігі коронавирустан көз жұмған.

Шымкентте мәйітханалардың алдында кезекте тұрғандар көбейген
фото: видеодан скриншот

Шымкент қаласында мәйітханалар мен ритуалды қызмет орындарының алдында кезекте тұрған адам көп. Дәрігерлер бұрын болмаған өлім көрсеткішінің тіркеліп жатқанын айтады. Бір күннің өзінде қаланың патологанатомиялық бюросына 30-ға жуық мәйіттер жеткізіледі. Олардың көпшілігі COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар, деп хабарлайды Paryz.kz, 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Шымкентте аурудың өршіген уақыты шілде айында басталып, әлі де жалғасып келеді.

Мәйітханалардың алдына кезек таңертеңнен басталады, автотұрақтар да көліктерге лық толы. Қаланың түкпір-түкпірінен және Түркістан облысының кейбір емдеу мекемелерінен ауруханаларда қайтыс болған адамдардың денелері патологанатомиялық бюроға жеткізіледі. Марқұмдардың туыстарына қоштасуға да уақыт осы жерде беріледі. Қайтыс болғандардың басым көпшілігі коронавирустан көз жұмған.

Егер бұрын бізге айына 60-70 адамды әкелетін болса, қазіргі күні күніне 30-35 адам түседі. Сонымен бірге қаза тапқандардың 80-90 пайызына коронавирус ауруы әсер етсе, тек 1-2 жағдайда ғана инсулть пен жүрек талмасынан көз жұмғандар анықталады, – дейді дәрігер-патологанатом Марат Тоқтасов.

Сонымен қатар бұл қорқынышты статистикамен қатар жерлеу орындарының қызметтеріне де сұраныс артып келеді. Көр қазушылардың аялдауға уақыты жоқ. Себебі олар жерлеумен күні бойы айналысады. Жыл басынан бері Шымкентте коронавирустан 600 адам қайтыс болған. Бір айдың көрсеткіші бойынша тек осы қаланың өзінде 300 адам көз жұмған. Процедураны атқару тәртібі бойынша туыстарына марқұмдардың денесін 2-3 күн өткеннен кейін ғана береді.

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Бақытжан Позиловтың айтуынша, қоңырау шалып, денесін алып кетуді сұрайтын адамдар өте көп. 

Көп адам қоңырау шалып "Денені алып кеткіміз келеді" деп сұрайды. Әсіресе, мұсылман өкілдері. Біз оларға көз жұмғаннан кейін марқұмның ауруханада екі сағат болуы керектігін түсіндіреміз, содан кейін арнайы мамандар автокөліктермен патологанатомиялық бюроға жеткізеді, онда мәйітке міндетті түрде тексеру жүргізіледі, – деп түсіндірді дәрігер. 

Мәйіттердің денесі өңделеді, содан соң туыстарына шүберекке және қалың клеенкамен оралып табысталады, өйткені коронавирустың өлген адамнан тірі адамға да жұғу қауіпі де басым.