Куәгерлердің айтуынша, біреуінің басы жарылған.
Маңғыстауда ер адамдар демалуға арналған аумақта төбелесті деп хабарлайды Paryz.kz.
Lada.kz сайтының жазуынша, патрульдік экипаж шақырылған жерге келгенде, төбелескендер тарап кеткен. Полиция оларды іздеп жатыр.
Демалыс аймағында ер адамдар арасындағы төбелес туралы хабарлама "102" шұғыл байланыс желісіне 12 тамызда келіп түсті, - деп хабарлаған облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Куәгерлердің айтуынша, біреуінің басы жарылған.
Бұл факті бойынша жедел жәрдемге қоңырау түскен жоқ, - деп хабарлады өңірдегі Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.