Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Павлодар облысында адам өлтіріп, сотталғандар мектепте директор болған

Еңбек кодексінің 26-бабы бойынша сотты болған және қылмыстық қудалауда жүрген адамдарды білім беру, кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеу мен дамыту ұйымдарына жұмысқа қабылдауға тыйым салынған. Дәл осы бапқа сәйкес, жемқорлық қылмысын жасаған тұлағаларға да ондай мекемелерде қызмет етуге рұқсат етілмейді. 

Павлодар облысында адам өлтіріп, сотталғандар мектепте директор болған
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында екі мектеп директорына қатысты бұрын қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Бүгінде екеуі де жұмыстан шығарылған деп хабарлайды Paryz.kz

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы Ардақ Балғожин мәлімдеді. 

Директордың біреуі Аққұлы ауданында Б.Ухатов атындағы орта мектепті басқарса, екіншісі Қызылтаң ауданындағы Тереңкөл мектебінің директоры болған.  

Бірінші директор ҚазССР Қылмыстық кодексінің 93-бабы ("Жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан қасақана ауыр жарақат салу немесе қылмысты ауырлататын жағдайда жасалған әрекет") бойынша сотталған. Ал екінші мектеп басшысы жемқорлық қылмысы үшін істі болған, – деп мәлімдеді Ардақ Балғожин.

Еңбек кодексінің 26-бабы бойынша сотты болған және қылмыстық қудалауда жүрген адамдарды білім беру, кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеу мен дамыту ұйымдарына жұмысқа қабылдауға тыйым салынған. Дәл осы бапқа сәйкес, жемқорлық қылмысын жасаған тұлағаларға да ондай мекемелерде қызмет етуге рұқсат етілмейді. 

Талдау жұмыстарының нәтижесінде білім басқармасына екі лауазымды тұлғаға қатысты шара қолдануға ұсыныс жасалды. Екеуі де жұмыстан босатылды.