Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Байбектің өкілі: Мамай мен Иманбаева деструктивті іс-әрекетін жалғастырып бағуда

Енді кеше белгілі болғандай, Байбектің заңгері Айжан Тәшенова Алматы қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына апелляциялық шағымға қарсылық енгізді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Байбектің өкілі: Мамай мен Иманбаева деструктивті іс-әрекетін жалғастырып бағуда
фото: informburo.kz

Өткен айда Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотында Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің арызы бойынша өткен азаматтық-процессуалдық процесте сот Райхан Сартаева талапкердің арызын қанағаттандырған болатын деп жазады Paryz.kz, Байбектің өкілі Айжан Тәшенованың facebook-парақшасына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, сот жауапкерлердің Бауыржан Байбек туралы таратқан ақпаратын шындыққа сай емес және ол ар-намыс, іскери беделге нұқсан келтірді деп таныды. Ал Жанболат Мамай мен Инга Иманбайды сот шешімі күшіне енгеннен кейін 10 күн ішінде жарияланған мәліметті терістеп, өшіруге міндеттеді. Осылайша жауапкерлер сот отырысы барысында әлеуметтік желіде келтірілген ақпараттың шын екенін дәлелдей алмады. Бұған қарамастан олар апелляциялық шағым түсірді.

Енді кеше белгілі болғандай, Байбектің заңгері Айжан Тәшенова Алматы қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына апелляциялық шағымға қарсылық енгізді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Бәріне белгілі болғандай, жауапкерлер бірінші инстанциядағы сотта барынша көрсеткен деструктивті іс-әрекетін әлі де жалғастырып бағуда.  Істі қарау мерзімдерінің кешіктірілуі, құжаттардың уақтылы берілмеуі, негізсіз өтініштер мен арыздар, даудың мәні бойынша сөйлемеу, сотқа және процестің барлық қатысушыларына құрметсіздік – міне осылар сот процесі барысында Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның бар сиқын көрсетті», - деп жазды заңгер.

Тәшенова, сондай-ақ талапкер тарапы ретінде бірінші инстанциядағы соттың назарын адвокаттар мен жауапкердің өкілдері жіберген заң бұзушылықтар фактісі бойынша жеке ұйғарымдар шығаруға негіз бар екеніне аударды. Сонымен қатар бұл мәселені апелляция деңгейінде де көтеруді жоспарлап отырғанын жеткізді.