Сараптама нәтижесі бойынша әйелдің қабырғасының астыңғы бөлігі және балтыры көгергені анықталды.
Қарағанды облысындағы ауылдардың бірінің әкімі әйелді соққыға жықты деген күдікке ілінді деп хабарлайды Paryz.kz, 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
Оқиға Қарағанды қаласында болған. Ауыл әкімі туыстарының үйіне келген. Лифтте белгісіз бір әйелмен жанжал туындап, әкім әйелді ұрып тастаған.
54 жастағы әйел полицияға арыз жазды, бірақ сұхбат беруден бас тартты. Ол әкіммен жанжалға не себеп болғанын да айтпады.
Ол сот-медициналық сараптамадан өтті. Сараптама нәтижесі бойынша әйелдің қабырғасының астыңғы бөлігі және балтыры көгергені анықталды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, әйел денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Осакаров ауданы Пионерский ауылдық округінің әкімі еңбек демалысына кетті. Егер ақпарат расталса, оған 15 тәулікке қамау немесе 45 мың теңгеге жуық әкімшілік айыппұл, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің этикасын бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
Бұл факті бойынша полиция қызметкерлері Осакаров ауданының 49 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адамға қатысты 73-бап бойынша әкімшілік хаттама жасалған. Оған қатысты әкімшілік құқық бұзғаны үшін жаза тағайындалады, – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров.