"Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері қолайсыз табиғи құбылыстардан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде, өздерінің бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы шотқа жібереді..."
Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің кейбір өңірін жайлаған қуаңшылыққа байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады деп хабарлайды Paryz.kz.
Ауа райының қолайсыздығы мен оның салдары оңай болмай тұр. Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі ерекше ыстық ауа райы құрғақшылыққа әкеп соқты. Жауын-шашынның аздығынан Маңғыстау облысы қатты зардап шекті. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен аймаққа қолдау көрсетіп, қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Бүкіл ел бойынша еріктілер де қомақты үлес қосуда, – деді министрліктен.
Осы орайда Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандықтарды зардап шеккендерге көмектесуге шақырды.
Тағы оқи отырыңыз: Қарашөкеев жем-шөп бағасының өсуіне журналистерді кінәлап отыр
Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері қолайсыз табиғи құбылыстардан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде, өздерінің бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы шотқа жібереді. Осыған орай, министрлік барлық меншік нысанындағы еңбек ұжымдарын қиын жағдайға тап болған отандастарымызды қолдауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырады, – дейді министрлік хабарламасында.
Реквизиттерді мына сілтеме бойынша көруге болады.