Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Шымкенттің Мәдениет басқармасы Антикор таратқан ақпаратты жоққа шығарды

Олар басқармаға құқық қорғау органдары тарапынан ресми хат түспегенін жеткізді.

Шымкенттің Мәдениет басқармасы Антикор таратқан ақпаратты жоққа шығарды
фото: ашық дереккөз

Шымкенттің Мәдениет басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми хабарламасын жоққа шығарды деп хабарлайды Paryz.kz, sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Агенттік ақпаратына сәйкес, Шымкент қаласы Мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде пара беруге әрекет жасады деген күдікпен ұсталды.

Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатпақ болған. Бұл үшін 80 миллион теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деген күдікке ілінді, - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ шенеуніктердің ұсталып, Шымкент қалалық Полиция департаментінің Уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды.

Ал қаланың Мәдениет басқармасы осы хабарламаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Басқарманың лауазымды тұлғалары (басшы, басшының орынбасарлары) барлығы жұмыс орнында екенін хабарлаймыз. Сонымен қатар еңбек демалысында жүрген 3 маманнан басқа қызметкерлер де түгел жұмыс орнында, - деп мәлімдеді басқарма.

Олар басқармаға құқық қорғау органдары тарапынан ресми хат түспегенін жеткізді.