Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Вакцина алмаған студенттер жатақханаға орналаса алмайды

Алексей Цой баяндамасы кезінде барлық санитарлық талапты қалай орындау керегін айтып берді.

Вакцина алмаған студенттер жатақханаға орналаса алмайды
фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі колледждер мен университеттерде дәстүрлі оқыту форматы бойынша студенттерге қандай талаптар қойылатынын түсіндірді деп хабарлайды Paryz.kz

Цойдың айтуынша, жоғары оқу орындары мен колледждерді оқытудың дәстүрлі форматына көшіргенде оқытушылар, қызметкерлер, жатақхана мен асхана жұмысшыларын 100 процент вакциналаумен қамту қажет.

18 жасқа толған студенттердің бәрі вакцина алуға тиіс. Жатақханаға тек вакцина алған студенттер ғана орналасады, - деді министр. 

Алексей Цой баяндамасы кезінде барлық санитарлық талапты қалай орындау керегін айтып берді.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында оқу корпустары, кітапханалар мен жатақханалардың кірберісінде міндетті түрде "Ashyq" қосымшасы болады. Бұдан бөлек, эпидемияға қарсы санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Ол үшін медицина қызметкерлері оқытушылар мен білім алушылардың денсаулығын қадағалап отырады. Бұқаралық шараларға тыйым салынады. Сондай-ақ дәріс залдарында рециркуляторлар тұруы керек немесе  бөлме іші үнемі желдетілуге тиіс, - деп атап көрсетті Цой.

Оның айтуынша, мониторингтік топ колледждер мен университеттерде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайды. Сол үшін топ мүшелерінің құзіреті кеңейтіледі.

Олар оқу орындарына, соның ішінде асханалар мен жатақханаларға емін-еркін кіріп, карантиндік шараларды бақылайды. Ал тәртіп бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады.