Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

2025 жылға қарай Қазақстан халқының саны 25 миллионнан асады

Ағымдағы туу, өлім-жітім және көші-қон коэффициенттері тұрғысында Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарында халық санының біртіндеп төмендеуі байқалатын болады.

2025 жылға қарай Қазақстан халқының саны 25 миллионнан асады
фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы аясында "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (ЕРДО) Қазақстан бойынша 2050 жылға дейін ұзақмерзімді демографиялық болжам дайындады деп хабарлайды zakon.kz. 

Статистикалық деректер мен модельдеу негізінде сарапшылар 2030 жылға қарай жұмыс күшінің саны 9,7 млн адамға жетіп, 2040 жылы бұл көрсеткіш 10,7 миллионды құрайды, ал 2050 жылға қарай 11,4 миллионға дейін өседі деп есептейді, делінген ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұл ретте, болжамдық негізгі сценарий бойынша 2030 жылға қарай ел халқы шамамен 20,7 млн адамды құрайды, 2040 жылға қарай аталған көрсеткіш 22,9 млн адамға дейін жетіп, ал 2050 жылға қарай 25,5 млн адамға дейін өседі деп күтілуде.

Болжамға сәйкес, 2030 жылға қарай туудың жоғары деңгейі мен халықтың қартаюына байланысты жұмыс күшінің халыққа пайыздық қатынасы 46,7%-ға дейін төмендейді. Бұл экономикалық белсенді халыққа жүктеме өсетінін білдіреді, – деді ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Сондай-ақ өз болжамында ЕРДО сарапшылары 2050 жылға қарай халық санының өңірлік сәйкессіздігінің күшейетінін атап өтті. Тұрғындар санының ең көп өсуі республикалық маңызы бар қалаларда күтіледі: Нұр-Сұлтан – 2,7 есе (1,9 миллион), Алматы – 1,8 есе (1,6 миллион) және Шымкент – 2,4 есе (1,5 милллион).

Бұдан басқа, Маңғыстау облысының халқы екі есеге (1,4 млн адамға дейін), Түркістан облысында 500 мыңға (2,5 миллионға дейін), ал Алматы облысында 700 мыңға (2,8 миллионға дейін) көбеюі ықтимал.

Ағымдағы туу, өлім-жітім және көші-қон коэффициенттері тұрғысында Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарында халық санының біртіндеп төмендеуі байқалатын болады. Алайда, мысалы, егер жалпы туу коэффициенті көрсетілген аймақтарда уақыт өте келе айтарлықтай өсіп, тұрғындардың қоныс аударуы төмендесе (этникалық құрылымының өзгеруіне және нақты кірісінің артуына байланысты), онда осы аймақтардағы халық саны тұрақтануы мүмкін.

Жалпы, 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді демографиялық болжам мынадай бағыттар бойынша жасалды: халықтың жалпы саны, халықтың жас құрамы, 2050 жылға қарай сценарийлер бойынша жас құрамындағы айырмашылықтар, өңірлік сәйкессіздіктер, өңірлер бойынша халық саны, демографиялық қарқын, жұмыс күшінің саны, жұмыс күшінің құрылымы мен орташа жасы, оның өңірлік сәйкессіздіктері, өңірлер бойынша бөлу және тағы басқа.

Сонымен бірге, одан әрі 2021 жылғы демографиялық көрсеткіштердің нақты өзгерістері негізінде (халық санағын ескере отырып) осы болжамға түзету жасау жоспарлануда.

Болжам төрт құрамдас бөліктің негізінде құрылады: халықтың бастапқы нақты саны, туу, өлім-жітім және халықтың көші-қон қозғалысы. Бұл 2022 жылдың өзінде жаңа статистикалық деректер бүгінгі таңда өзекті болып отырған бағалаулардан айтарлықтай ерекшеленетін жағдай болуы мүмкін дегенді білдіреді. Тиісінше бұл демографиялық болжамды жаңарту қажеттілігіне әкелуі мүмкін, - деп түйіндеді Дмитрий Шумеков.