Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Баланы қойдың нәжісіне түсірген әйелдердің суреті жаға ұстатты

Білім министрлігі мән-жайды анықтау үшін Ішкі істер министрлігіне сауал жолдағанын жеткізді.

Баланы қойдың нәжісіне түсірген әйелдердің суреті жаға ұстатты
фото: ашық дереккөз

Кішкентай баланы қойдың боғымен жуындырып жатқан әйелдердің суреті желіде пайда болды. Бұл мәселеге Білім және ғылым министрлігі Ішкі істер министрлігінің назарын аудартты деп хабарлайды Paryz.kz

Интернетте тараған суреттің астындағы жазбада аудиториясы 180 мыңнан асатын әйел қой нәжісімен баланы шомылдырып жатыр деп жазылған.

Білім министрлігі мән-жайды анықтау үшін Ішкі істер министрлігіне сауал жолдағанын жеткізді.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті әлеуметтік желіде емшісымақтардың мұндай әрекеті балалардың физикалық және психикалық денсаулығына зиян келтіретіні туралы хабарлама жариялады.

Балалардың денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани күйіне қарап, қамқор болу - ата -аналардың міндеті. Ата-аналар (заңды өкілдер) балаларының өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауап беретінін білуі керек, - делінген хабарламада.

Ата-аналар әкімшілік, сол секілді қылмыстық жауапкершілікті мойнына алады. Олар бала күтімі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін, сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.