Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстан банктеріне 77 миллион теңге айыппұл салынды

Салынған айыппұл көлемі жағынан да көшті ForteBank бастап тұр, оған салынған айыппұл көлемі – 33,7 миллион теңге. Одан кейін Al Hilal ислам банкі – 26 миллион теңге және Capital Bank – 9,2 миллион теңге.

Қазақстан банктеріне 77 миллион теңге айыппұл салынды
фото: ашық дереккөз

2021 жылдың қаңтар-шілде аралығында Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріне 40 әкімшілік айыппұл салынды деп хабарлайды Paryz.kz, Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның жартысынан көбі ForteBank және Capital Bank-ке салынған. Айыппұлдың жалпы көлемі – 77,4 миллион теңге. Былтыр айыппұл саны 88, жалпы көлемі 87,5 миллион теңге болатын.

Әкімшілік айыппұл 12 банкке салынған. ForteBank жарты жылда 11 айыппұл арқалады. Одан кейін тізімде маусым айында лицензиясынан айырылған Capital Bank тұр. Оған 10 әкімшілік айыппұл салынған.

Үштікке жарты жылда бес айыппұл арқалаған Al Hilal ислам банкі кірді. АТФ Банк, ЦентрКредитБанк пен Сбербанк екі айыппұлдан алды. AsiaCredit Bank, Хоум Кредит, Jusan Bank, Еуразиялық банк, Altyn Bank және Халық банкінде бір-бір айыппұлдан бар.

Салынған айыппұл көлемі жағынан да көшті ForteBank бастап тұр, оған салынған айыппұл көлемі – 33,7 миллион теңге. Одан кейін Al Hilal ислам банкі – 26 миллион теңге және Capital Bank – 9,2 миллион теңге.

Қазіргі уақытта АТФБанк – 2,6 миллион теңге, ЦентрКредит банкі – 1,2 миллион теңге, Еуразиялық банк – 875,1 мың теңге айыппұл төлеген.

Қарыздың сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпаратта оның жылдық, тиімді есептелуін көрсету талабын орындамағаны үшін Халық банк пен Altyn Bank-ке айыппұл салынды.

Талдау нәтижелеріне сүйенсек, екінші деңгейлі банктер түрлі құқықтық нормативтер талабын орындамаған. Олардың қатарында банктің қадағалау шарасын қолдану арқылы уәкілетті орган жүктеген міндеттемелерді орындамау, қажетті тексеру шараларын ұйымдастырмау, "Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" заңда белгіленген мерзімдерді бұза отырып, төлем және ақша аудару жөніндегі нұсқаулықтардың уақытында орындалмауы сынды олқылықтар бар.