Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шымкентте кәсіпкерді балталап, өртеп жіберген күдікті сотталды

Айта кетейік, жантүршігерлік қылмыс биыл наурызда болған еді. 30 жастағы азамат кәсіпкерге бизнес үшін жалған құжаттар жасап, жер сатпақ болған. Алайда қылмыстары әшкере болған кезде екеуінің арасында жанжал туындайды.

Шымкентте кәсіпкерді балталап, өртеп жіберген күдікті сотталды
фото: ашық дереккөз

Шымкентте кәсіпкердің басын балтамен шауып, тірідей өртеп жіберген жігіт 20 жылға сотталды. Айыпталушы жазасын өтеу мерзімінің көп бөлігін қауіпсіздігі қатаңдатылған түзеу мекемесінде өтейді деп хабарлайды Paryz.kz

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, сот үкімі оқылған кезде күдікті көз жасына ерік беріп, тіпті, сот үкімімен келіспейтінін айтқан.

Айта кетейік, жантүршігерлік қылмыс биыл наурызда болған еді. 30 жастағы азамат кәсіпкерге бизнес үшін жалған құжаттар жасап, жер сатпақ болған. Алайда қылмыстары әшкере болған кезде екеуінің арасында жанжал туындайды. Сол кезде күдікті үйіне келген бизнесменді балтамен шауып, бірнеше рет соққы жасаған. Кейін жәбірленушінің көлігін алып, қанға малынған денені ешкім жоқ жерде өртеп жіберген. Күдікті көліктегі 500 мың теңгені де қолды еткен.

Судья Самеддин Темірәлиевтің айтуынша, тергеу барысында қылмыс толық дәлелденген.

Тергеу кезінде айыпталушы жәбірленушіні қалай өлтіргенін, іс-әрекетін қалай жасағанын бәрін көрсетіп берді. Кәсіпкердің ол кезде тірі болғанын, машинада отырған кезде қырдың басына апарып қойып, кейін барып өртеп жібергенін бәрін өзі айтып отыр. Сондықтан оны аса қатыгездікпен әрекет жасады деп, сот оны 99-баптың 5-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп тапты, – деді судья Самеддин Темірәлиев.