Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Әміржан Қосановты біреулер өлтіріп кетпек болған (ВИДЕО)

Әділдік пен әділеттіліктің жолында жүргендіктен жеке басына шабуылдар жасалып, өмірі талай рет қыл үстінде қалған...

Әміржан Қосановты біреулер өлтіріп кетпек болған (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Халықтың оппозицияға деген сенімін қалпына келтіру жолында еңбек етіп жүрген саясаткер, қоғам қайраткері Әміржан Қосанов "Еуразия" бірінші арнасына берген сұхбатында бұған дейін еш жерде айтылмаған құпияларына ашық тоқталды. Бұл туралы Zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Саясаткер өмірде, саясатта әділетсіздікпен көп кезігіп, үнемі шындық жолында шырылдап келетінін жасырмады. Кейде осы тік мінезінен көпшілік оны түсінбей қалатын кездер жиі болатынын жеткізді. Әділдік пен әділеттіліктің жолында жүргендіктен жеке басына шабуылдар жасалып, өмірі талай рет қыл үстінде қалған. Қоғам қайраткері әйелімен үйіне барар жолда кездейсоқ көшеден қарақшылар ұстап алып, соққыға жығып өлтірмек болған.

 

Бір отырыстан түнделетіп келе жаттық. Үйдің қасына жақындай бергенімізде, беттеріне қара маска киген 3-4 жігіт атып шығып, екеумізді ұрып-соға бастады. Менің аяғым ауыр болатын. Ол айғайлап жатты әйеліме тимеңдер, аяғы ауыр деп. Мен айғайлап, жалынып жаттым күйеуімді өлтірмеңдерші деп... Осы кезде үстіңгі қабаттағы орыс апа оянып кетіп, милиция шақыртып аман қалдық. Сол кезде Әміржанды қан-жоса етіп сабап кетті, - деді саясаткердің жары Роза Қосанова.

 

Ол оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған бірақ, шабуыл жасаған жандар сол бойы табылмаған.

Әйгілі "Желтоқсан" оғиғасында алаңға шығып, ашық ойын білдірген көптеген студенттер кейін оқу орындарынан қудаланғаны аян. Тарихи қанды сәттен кейін қудалануға ұшыраған студенттердің біразы Әміржан Қосановты "Желтоқсан" оқиғасына тікелей қатысы бар деп есептеп, сол кездегі оқиғалар желісін баяндай келе, саясаткердің халыққа деген алғаш сатқындығы студенттік кезеңде басталған деп санайды.

 

Мен мына КазГУ-ге 4 жыл өтініш беріп жүріп, емтиханды қайта-қайта тапсырып жүріп оқуға түскенмін. 1986 жылы емтиханнан өтіп, өзім армандаған оқуға түскенде қуанышым көпке жетпеді. 1986 жылдың "Желтоқсан" көтерілісіне тап болып, оқудан қудаланып тындым. КазГУ-дың журналистика факультеті бойынша оқудан нақты шығарылғандар Гүлнар Әшімбекова және мен. Себебі біз сырттай бөлімнен ауысып келген, әлі ешкімді де дұрыстап танымайтын болғандықтан, екеумізді құрбандыққа қиып жіберді деп ойлаймын. Сол көтеріліс кезінде оқудан шығуыма бірінші Комсомол бюросының төрағасы тікелей себепші болды. Ол кезде Төраға сол - Әміржан Қосанов еді. Кезінде әрине өкпем болды, өйткені ешқандай себепсіз, дәлелсіз шығарып жіберді. Ондай әрекет – иттік әрекет болып есептеледі. Мен үшін солай, - деді "Желтоқсан" оқиғасына қатысушы Аманғазы Кәріпжанов.

 

Ең алғашқы махаббаты 1-сыныпта Ләззат деген қыз болған, 19 жасында шашына ақ түсіп, мектеп бітірер жылдары "Алтын белгі" үшін әкесінен пара сұраған қоғам қайраткері Әміржан Қосанов қазіргі таңда қоғамдық жұмыстармен ғана айналысып, отбасын асырауға айына 700-800 мыңдай қаражат тауып жүргенін де жасырмады.