Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Қан мен сілекей қолданылады": Ғалымдар қазақтың генетикалық шежіресін зерттеп жатыр

Мысалы, арғындардың ДНҚ-сын зерттеу ол тектің бір ата – Әмір Қарақожадан тарағанын көрсетті. Ол бидің ұлы және Алтын Орда ханы Тоқтамыстың жанында болған.

"Қан мен сілекей қолданылады": Ғалымдар қазақтың генетикалық шежіресін зерттеп жатыр
фото: ашық дереккөз

Енді кез келген адам өзінің тегі кімнен басталатынын және ата-бабасының тарихын біле алады. Отандық ғалымдар қазақтардың генетикалық шежіресін қалыптастырмақ деп хабарлады Paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Үш жүз, 40-тан астам ру, жеті ата – кез келген қазақтың негізі және тарихтың басты құпияларының бірі.

Тарихи құжаттар өте аз болғандықтан, жағдай күрделенеді. Негізінен шығу тегі туралы барлық ақпарат ауызша шежіре, аңыз түрінде тараған. Тарихшылар енді бізбен тарихи қарым-қатынаста болған мемлекеттер мұрағатына жүгінеді. Ең алдымен бұл – Қытай және Иран. Ал Ресей кейінгі кезеңге жатады, - деді Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов.

Шежірені зерттеу Орта Азия мен бүкіл әлемдегі түркі тілдес халықтар арасында дүниежүзі генетикалық картасындағы қазақтар орнын анықтауға көмектеседі.

Бізге ең жақын бауырлас халықтар – қырғыз, ноғай және қарақалпақ. Ауруға бейімділік секілді генетикалық ерекшелікті де анықтауға болады. Ғалымдардың айтуынша, қазақтарда мұндай ауру анықталмаған.

Бірінші кезең – ДНҚ бөлу. Біздің барлық техника полимеразды тізбекті реакцияға негізделген. Соңғы кезең – генетикалық профильді алу және нәтижелерді талдау, - деді Адам генетикасы зертханасының аға ғылыми қызметкері Жанаргүл Дүйсенова.

Генетикалық талдау рудың пайда болуы туралы қолданыстағы теорияларды растауға немесе жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Мысалы, арғындардың ДНҚ-сын зерттеу ол тектің бір ата – Әмір Қарақожадан тарағанын көрсетті. Ол бидің ұлы және Алтын Орда ханы Тоқтамыстың жанында болған.

Біз ата-бабамыздың тарихын білеміз, сондықтан Y хромосомалық зерттеулер іске асады. Шежіренің өзі барлық халықта жоқ, өз ата-бабасының тарихын білетіндер де аз. Қазіргі заманда бұл сирек кездеседі және қазақтар бұл жағынан бірегей, - деді Ерлан Раманқұлов.

Генетикалық зерттеу еріктілерге жүргізіледі. Биоматериал ретінде қан мен сілекей қолданылады.