Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Коронавирус жұқтырғандар кейін арықтап кетеді

Интоксикация салдарынан адамның қалпына келу мерзімі ұзарды.

Коронавирус жұқтырғандар кейін арықтап кетеді
фото: ашық дереккөз

COVID-19-дан кейін арықтау бастапқыда сирек кездесетін жағдай болды. Алайда кейін вирус жұқтырып, жазылғандардың 80 пайызында байқалды деп хабарлады Paryz.kz, "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты Хадижат Омарова мәлімдеген.

Диарея, ағзаның құрғауы, тәбет болмауы сынды симптомдар жиілей түсті. Бұл вирусns4 жаңа штамдарының пайда болуымен байланысты, - деді маман.

Интоксикация салдарынан адамның қалпына келу мерзімі ұзарды. Дәрігердің айтуынша, сондықтан адам арықтайды.

Ағза қалпына келуге қажетті заттарды алмағандықтан, бұлшықет массасы азайып, салмақ тастай бастайды.

Ковидтен жазылғандар тәбетінің болмауы кейбір жағдайда анорексияға әкеп соққан. Коронавирусты жеңген соң адам салмағының 5-тен 15%-не дейін жоғалтуы мүмкін, - деді дәрігер.