Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Нұр-Сұлтанда вакцинаға қарсы тұрғындар әкімдік алдына митингіге шықты

Сондай-ақ әлеуметтік желіде әкімдік алдындағы алаңға келген бірен-саран адамды полиция ұстап жатыр деген ақпарат тарады.

Нұр-Сұлтанда вакцинаға қарсы тұрғындар әкімдік алдына митингіге шықты
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда міндетті вакциналауға қарсылық білдірген тұрғындар митингке шыққан.  Әлеуметтік желіде қоршауға алынған әкімдік ғимаратының суреті тарап кетті деп хабарлайды Paryz.kz, sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Қоршалған әкімдік түсірілген сурет Telegram-да жарияланды.

Әкімдік ғимаратынан бөлек Кенесары хан ескерткішінің маңы да қоршалған.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде әкімдік алдындағы алаңға келген бірен-саран адамды полиция ұстап жатыр деген ақпарат тарады.

Әзірге елордалық әкімдік пен Полиция департаментінің өкілдері осы жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.