Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Алматы облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырған жігіт ұсталды

Қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккендер Ақмола облысының Полиция департаментіне немесе "102" нөміріне хабарласа алады.

Алматы облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырған жігіт ұсталды
фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында Целиноград ауданының 28 жастағы тұрғыны қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп айыпталып жатыр деп хабарлайды Paryz.kz

Қазіргі таңда оған қатысты қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Күдіктінің WhatsApp мессенджерінде "Өзара көмек кассасы" чатын құрып, 2019 жылғы тамыздан бастап 2021 жылғы сәуірге дейін қаржы пирамидасын басқарып, Ақмола облысы мен еліміздің басқа да өңірлері тұрғындарының ақшасын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – делінген ПД хабарламасында.

Қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккендер Ақмола облысының Полиция департаментіне немесе "102" нөміріне хабарласа алады.