Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Жаңа қаулы: Елордада карантин күшейтіледі

Сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Жаңа қаулы: Елордада карантин күшейтіледі
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда шектеу және карантиндік шараларды қатаңдату туралы жаңа қаулы шықты деп хабарлайды Paryz.kz

Құжат елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Қаулыға сәйкес, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-і қашықтықтан жұмыс түріне көшіріледі. Бұл ретте COVID-19 -ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған,  сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар барлық қызметкердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.

Сондай-ақ ұйымдар үшін профилактикалық егу жұмыстарының датасы анықталды. COVID-19 вакцинасының бірінші компоненті 2021 жылдың 10 тамызына дейін, ал екінші компоненті 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін егілуі керек (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда).

Орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін (оның ішінде гипермаркеттерді, супермаркеттерді, шағын маркеттерді және т. б.), дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ құрылыс объектілерін, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, халыққа байланыссыз қызметтер көрсету жөніндегі объектілерді және қызмет көрсету саласындағы объектілерді (автожуу, автомобильдер мен тұрмыстық техниканы жөндеу, телефон, баспахана, полиграфия,фотосалондар, тігін шеберханалары және ателье, аяқ киім шеберханалары, ұсақ-түйекті жөндеу сервисі, химиялық тазалау, кір жуу, гүл дүкендері, салттық қызмет көрсету объектілері және т. б.), туристік компаниялар, бизнес орталықтар және жекелеген қызмет түрлері (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері және т. б.), Ashyq жобасының ерікті қатысушылары мен тағамды тек қана алып шығу және жеткізу үшін жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметін қоспағанда, меншік нысанына қарамастан, Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымның қызметі тоқтатылады.

Сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Ashyq жобасына қатысатын сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері тек жұмыс күндері сағат 7.00 -ден 20.00 -ге дейін жұмыс істей алады.

Қаулы 2 тамыз сағат 00:00 -ден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.