Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматыда полицейлер әйел адамның аяқ-қолын сындырып тастаған

Бұған қоса, ол полицейлердің еш түсіндірместен бөлімшеде ұстағанын айтады. Айтуынша, қашуға тырысқанымен, алысқа ұзай алмаған.  

Алматыда полицейлер әйел адамның аяқ-қолын сындырып тастаған
фото: дереккөз

Алматылық әйел өзін полиция қызметкерлері тұтқындау кезінде соққыға жыққанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Сөзінше, оны Наурызбай ауданының учаскелік испекторы ұрып тастаған. 

Мен терезенің темірлеріне жармасып алдым. Бірақ инспектор аяғымды сындырып тұрып, мені ажыратып әкетті. Кейіннен машинаға сүйреп кіргізді, – дейді әйел.

Бұған қоса, ол полицейлердің еш түсіндірместен бөлімшеде ұстағанын айтады. Айтуынша, қашуға тырысқанымен, алысқа ұзай алмаған. 

Мен қабылдау бөлімінің терезесін ұстап, жібермей қойдым. Алайда бұл оны тоқтата қоймады: инспектор саусағымды сындырып тастады. Содан соң сыртқа шығарып ойына келгенін істеді. Қолымды сындырды. Камерадан таса жерге алып барып, түрмеге отырғызамын деп бопсалады. Сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін онымен арпаластым. Мені кінәлі етпекші болды, – деп қосты тұрғын. 

Алматы қалалық ПД бұл оқиға жайлы пікір білдірді. Тәртіп сақшылары 29 жастағы келіншектің өзінің ата-әжесін қорқытып ұстап отырғанын, осыған байланысты оған ескерту жарияланғанын атап өтті. 

Тағы оқи отырыңыз: Немересі әжесі мен атасына күш көрсетіп жүр

28 мамырда 1943 жылы туған кейуана егде жастағы қарияларға қол көтерген немересіне қарсы арыз жазды. Сондай-ақ әжей әйелдің жанжал кезінде қарттарды көшеге қуып, ұрып-соғып, өгей ағасын түрмеге жабамын деп қорқытатынын жеткізді, – делінген ПД хабарламасында.

ПД өкілдері әйелдің әкімшілік сотқа келмегендіктен тәртіп сақшылары оны мәжбүрлеп жеткізгенін алға тартады. Қазіргі таңда зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін полицейлер әйелдің үйіне күн сайын тексеру жүргізеді екен.