Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қазақстанның түрмелеріне бейнебақылау енгізіледі

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев  еліміздегі түрмелерге бейнебақылау енгізілетінін мәлімдеді.

Қазақстанның түрмелеріне бейнебақылау енгізіледі
сурет zi.ua сайтынан

«Түрмелер мен ғимараттарға бейне бақылау енгізуді бастаймыз. Қазір біз олардың санын және техникалық жағдайын есептеуге кірістік», - деді министр.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық бойынша министрлік бірқатар нақты шаралар қабылдап жатыр.  Агенттік және азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, үшжақты жоспар жасалған.  Тұрғымбаевтың сөзінше,  соңғы 3 жылда сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс саны 33 пайызға азайған.

«Министрлік Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды», - деді Ерлан Тұрғымбаев.