Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Семейде біреулер зиратты тонап, темірлерін сатып жіберген (ВИДЕО)

Жақын маңдағы темір қабылдау пунктіндегі қызметкерлер бейіттің темірлерін ешкім алып келмегенін айтады. 

Семейде біреулер зиратты тонап, темірлерін сатып жіберген (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Семей қаласында зиратты бұзып, темірлерін сатып жіберетіндер пайда болды. Полиция қабір қазғандарды іздестіріп жатыр деп хабарлайды Paryz.kz, Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Қала тұрғыны Бибігүл Кеңесқызы мұндай әрекет жасағандарды жазалау керегін айтады.  

Жүрегімізді ұстап, не деген сондай адамдар бар деп ойладық. Әжеміз болғасын қоршауы жаңадан қоямыз. Тек қана сұрайтынымыз осы адамдарға шара қолданса, – дейді ол.

Жақын маңдағы темір қабылдау пунктіндегі қызметкерлер бейіттің темірлерін ешкім алып келмегенін айтады. 

Біз зираттан әкелінген заттарды қабылдамаймыз. Оның үлкен күнә екенін білемін. Өзімнің туыстарымның да бейітін осылай тонап кеткен болатын, – дейді темір қабылдау пунктінің қызметкері Виктор Нуридинов. 

Қалалық полиция іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Олардың сөзінше, қабірді тонағандар ұсталса, абақтыға қамалады.

Бұл қылмыстың жазасы – 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Қазіргі таңда осы қылмысты ашуға бағытталған барлық жұмыс жүргізіліп жатыр, – деді Семей қалалық Полиция басқармасының баспасөз хатшысы Елубек Оспанов. 

Тұрғындар зираттың қоршауын қолды қылуға Семейдегі жұмыссыздық пен жоқшылық себеп деп топшылайды. Ал марқұмдардың жақындары қорымды өздері қайтадан қалпына келтірмек.