Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Нұр-Сұлтанда мас болып көлік айдаған АҚШ азаматын 15 күнге қамап қойды

Жалпы 5 күнге созылған рейд кезінде жол ережесін сақтамаудың 4 мыңнан аса дерегі әшкереленген.

Нұр-Сұлтанда мас болып көлік айдаған АҚШ азаматын 15 күнге қамап қойды
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда мас күйінде көлік басқаруға отырған АҚШ азаматы ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz.

Бөтен жерде жүріп бұзақылық жасаған шетелдік жедел алдын алу іс-шарасы кезінде қолға түсті.  Мамандардың күдігіне іліккен Toyota автокөлігі Е-10 көшесі бойында тоқтатылған. Әңгіме барысында жүргізушінің ащы суға сылқия тойып алғаны анық сезілген. Полицейлер жеке бас мәліметін зерделей келе, оның АҚШ азаматы екенін анықтады. Осы сәтте көлік иесі жанында отырған.

Мамандандырылған ауданаралық соты қос азаматты 15 тәулікке қамап, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырды. Жалпы 5 күнге созылған рейд кезінде жол ережесін сақтамаудың 4 мыңнан аса дерегі әшкереленген. Соның 33-і - көлікті мас күйінде тізгіндеу.