Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Елімізде дәрі-дәрмек 5 пайызға қымбаттап кетті

Басқа елдерден жыл басынан мамырға дейін Қазақстанға 9,7 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінген, бұл бір жыл бұрынғыдан 22,3 пайызға аз. 

Елімізде дәрі-дәрмек 5 пайызға қымбаттап кетті
фото: ашық дереккөз

Елімізде дәрі-дәрмектер бір жыл ішінде 5 пайызға қымбаттады деп хабарлайды Paryz.kz, Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Фармацевтикалық өнімдердің бағасы 2021 жылдың маусымында өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 4,8 пайызға өсті. Бағаның ең жоғарғы өсімі Маңғыстау облысында байқалады – 18,6 пайыз, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда (10,9 пайыз) және Ақмола облысында (10 пайыз) дәрі-дәрмектер қымбаттаған.

Бірінші жартыжылдықта Қазақстан 99,3 миллиард теңгенің дәрі-дәрмектерін өндірді. Жылдағы нақты өндіріс өсімі 31,2 пайызды құрады. Дәрінің көп бөлігі Қарағанды ​​облысында өндірілген.

Басқа елдерден жыл басынан мамырға дейін Қазақстанға 9,7 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінген, бұл бір жыл бұрынғыдан 22,3 пайызға аз.