Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Алан әкесіз қалмайды": Атышулы Айжан Байзақова мәлімдеме жасады

"Мен тұрмыста болған емеспін. Тек үш жылдан аса жігітпен кездестім..."

"Алан әкесіз қалмайды": Атышулы Айжан Байзақова мәлімдеме жасады
фото: ашық дереккөз

Атышулы блогер Айжан Байзақова ұлының әкесімен айырылысқанын мәлімдеді. Үш жылға жуық жігітпен кездескен Айжан қарым-қатынасты қаламайтынын жеткізген деп хабарлайды Paryz.kz.  

Қарым-қатынаста болуды қаламайды екенмін. Үш жылдан кейін ресми түрде басымның бос екенін мәлімдеймін, - деп жауап берді Айжан Stories-те оқырманның сауалына.

Мен тұрмыста болған емеспін. Тек үш жылдан аса жігітпен кездестім. Соңғы жарты жылда миым ешқандай қарым-қатынас қаламайтынын түсінді.

Оны сіздерге көрсетпесем де, қарым-қатынасымыз туралы айтпасам да, уайымдап жүргендеріңізді көріп жүрмін. Бірақ менде бәрі жақсы, Алан екеуінің арасы өзгермейді, – деген Байзақова ұлы мен әкесінің арасына түспейтінін жеткізді.

Алан әкесіз қалмайды (менен қарағанда, бала үшін көбірек уайымдайтын сияқтысыздар), - деп түсіндірді ол.