Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Маңғыстаулықтар таң атпастан кортеж ұйымдастырған (ВИДЕО)

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, сақшылар кортежге қатысқан өзге адамдардың кім екенін анықтау үстінде.

Маңғыстаулықтар таң атпастан кортеж ұйымдастырған (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысынының тұрғындары таң атпай көшеде кортеж ұйымдастырған деп хабарлайды Paryz.kz, жергілікті Lada сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға бүгін таңғы сағат 6:30-да болған. Басқұдық ауылының орталық көшесінде кортеж жасап ойқастаған көліктер видеоға түсіп қалады. Кортежге қатысқан 8 адам Мұнайлы аудандық полиция бөлімін жеткізіліп, астындағы көліктері айып тұрағына қойылды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, сақшылар кортежге қатысқан өзге адамдардың кім екенін анықтау үстінде.

Басылым хабарлауынша, Mercedes-Benz E320 көлігінің иесі Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 595-бабының 1-бөлігі және 594-баптың 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылады.

Chevrolet Tracker көлігі жол ережесін бұзып қана қоймай (Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 606-бабының 1-бөлігі), апаттық жағдайға себепкер болған. 

Лада 21723 көлігіндегілер қауіпсіздігін белдігін тақпағаны үшін Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 593-бабының 2-бөлігі және 230-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылады.

Toyota Camry көлігі Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 593-бабының 2-бөлігі бойынша, 599-баптың 1-бөлігі бойынша заң бұзған.

Toyota Land Cruiser Prado, Nissan Primera и Toyota Camry көліктері Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 595-бабының 2-бөлігі бойынша өрескел заңбұзушылық жасаған.

Тағы бір Toyota Camry көлігі Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 593-бабының 1-бөлігі бойынша, 590-баптың 2-бөлігі бойынша, 603-баптың 1-бөлігі бойынша заң бұзған.