Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ізгілік мерекесіндегі қайырымдылық істер

Құрбан айт мерекесі аясында Оралда қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.

Ізгілік мерекесіндегі қайырымдылық істер

Айт мерекесі аясындағы рәсімдер кезінде санитарлық талаптардың сақталуына ерекше мән берілді. Қала мешіттерінде оқылған айт намазы алдында Қазақстан жастар фракциясы мен «Орал жастары» волонтерлік ұйымы еріктілері жамағатқа медициналық бетперделерді тегін таратты.  

Құрбан шалу «Ел ырысы» базарындағы қасапханада  ғана өткізілді. Орал орталық мешітінің баспасөз хатшысы Нұрлан Қабыкештің мәліметінше, үш күні ішінде жалпы онлайн және офлайн түскен өтініштер бойынша 56 қой, 12 ешкі құрбандыққа шалынып, 206 отбасыға таратылған.

 Республикалық қайырымды істер марафоны аясында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастары волонтерлері  аз қамтылған, көп балалы және қиын жағдайға тап болған отбасыларға азық-түлік пен ет салынған арнайы пакеттер таратты. Сондай-ақ қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы «Ақ Отау» Отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өмірде қиын жағдайда қалған адамдарға мерекелік түскі ыстық ас беру қайырымдылық акциясы өткізілді.

Томирис СҰЛТАН