Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Астана» халықаралық қаржы орталығы елдегі қор нарығын қалай дамытпақ?

Мәселен, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) бағыттарының бірі – жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару немесе Private Banking-ке арналған.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы елдегі қор нарығын қалай дамытпақ?
Дереккөз: inbusiness.kz

Қазақстандықтар жыл өткен сайын қаражат жинап, өз кәсібін ашуды қолға алуда. Десе де мамандардың көпшілігі ел азаматтары қаржыны үнемдеу, оны тиімді пайдалануға қатысты тек қысқа мерзімді жоспарлар құратынын алға тартып отыр. Өкінішке қарай, қазақстандықтардың дені әлі күнге дейін, қаржыны қайда құйып, жеке капиталды қалай арттыру жағын біле бермейді. Сондықтан мақаланың бүгінгі тақырыбын дәл осы салаға арнауды жөн көрдік.

Жылжымайтын мүлік

Жылжымайтын мүлік – жүздеген жылдар бойы инвестиция құйып, қаржы көлемін арттырудың кеңінен танымал құралы деп танылып келеді. Алайда көпшілік мүлікке ақша салуды қаражатты арттыру емес, тек оны сақтап қалудың амалы деп түсініп келеді. Мамандар жылжымайтын мүлікке ақша құюдың екі тәсілі тиімді деп отыр. Олардың біріншісі – әлі салынып бітпеген, құрылысы енді ғана басталған нысанға ақша құю болса, екіншісі – жалға беру үшін, жылжымайтын мүлікті сатып алу болып табылады. Пәтерді жалға беру арқылы кез келген азамат тұрақты табысқа қол жеткізе алады. Бұл жағдайда басымдықты бір бөлмелі пәтерге берген абзал. Себебі мұндай пәтерге қашан да сұраныс көп болмақ. Өкініштісі, қаржы құюдың бұл тәсілін жүзеге асыруға қазақстандықтардың басым көпшілігінің мүмкіндігі жоқ. Оған себеп – Қазақстандағы баспана бағасының тым қымбат болғаны болып отыр.

Бағалы қағаздар немесе акциялар

Артықшылығы: қолжетімділік, ірі корпорациялардың акцияларының өтімділік көрсеткіші жоғары.

Кемшілігі: компания банкроттыққа ұшыраған жағдайда, барлық инвестицияны жоғалтып алуға болады, сондай-ақ акция құны көптеген экономикалық және саяси факторларға тікелей байланысты болып отыр.

Қаржы құюдың аталмыш тәсілі күрделі, себебі нарықта бұл құралмен жеңіс жету үшін, кәсіби, білікті маман болу керек. Тарихта кей компаниялардың акция бағасы өз құнынан ондаған есе артқан сәттер кездессе де, ірі компаниялардың банкротқа ұшырау жағдайлары одан қарағанда көп болған. Қаржыны арттырудың бұл әдісімен білікті қаржыгерлер етене таныс және олар мұндай жағдайда брокерлерге сенім артады. Олар сіздің инвестициялық портфеліңізді басқарады, ал сіз көп ұзамай табысқа кенелесіз. Алайда, бұл жағдайда да табысқа 100 пайыз қол жеткізесіз деп айту қиын, сондай-ақ, қосымша брокерлік қызметті төлеуге тура келеді.

Бағалы металдар мен алтын

Артықшылығы: болашақта бұл әдіс арқылы қыруар табысқа кенелуге болады, бірақ дағдарыс уақытында жағдай мүшкіл күйде болуы әбден мүмкін.

Кемшілігі: қысқа мерзімгі уақытта тиімсіз болуы мүмкін және арнайы сақтау орнын, мысалы, сейф немесе банкте арнайы сейф жәшігін талап етеді, сондай-ақ, ҚҚС төлеу қажет болады.

Бағалы металдардың ішінде – алтынға қаражат құю өте тиімді болып есептелінеді. Егер сіз алтын құймаларын сатып алсаңыз, болашақта өз ұрпақтарыңызға да қор тастап кете аласыз. Алтын құймаларынан бөлек, алтын монеталарды да сатып алуға болады. Монеталар алтын құймаларға қарағанда жеңіл тартады, сондықтан оларды сатып алуға да кететін ақша аз болады. Сонымен бірге, көпшілік арасында кең таралған әдіс бойынша, алтын бұйымдарды көптеп сатып алып, қаржы көлемін арттыруға болады.

Қазақстанда инвестиция құйып, өз дәулетіңді арттырудың да түрлі жолдары бар.  Мәселен, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) бағыттарының бірі – жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару немесе Private Banking-ке арналған. Бұл ретте тұрғындарға инвестиция құю құралдарының көптеген бағыты ұсынылады. Өңірлік қаржылық хаб Private Banking бизнесіне қызуғышылық білдірген ауқатты клиенттер мен халықаралық компанияларға АХҚО аумағында түрлі қызметтерді ұсынуға жол ашып отыр.

Жалпы, АХҚО бүгінде көптеген қатысушылар үшін тартымды болып келеді: 2018 жылы іске қосылғаннан басталғаннан бастап 2021 жылдың 25 мамырына дейін мұнда 750-ге жуық компания тіркелген. Бұл санға реттеуді тартатын брокерлік компаниялар да кіреді және AIX биржасының акционерлері ретінде тек АХҚО ғана емес, сондай-ақ Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы да әрекет етеді.

Сонымен бірге тәуелсіз юрисдикциядағы сауда-саттық көлемі де жыл санап артуда – AIX-тегі жиынтық айналым 2020 жылы $58,2 млн-нан астам соманы құрады. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда, шамамен шамамен 20%-ға артық, немесе - $49,1 млн болып отыр. Сол сияқты 2021 жылғы I тоқсанда сауда-саттықтың жиынтық айналымы $43 млн-нан асып түскен.

Сонымен бірге АХҚО Биржасының даму мүмкіндіктері Қазақстан мен шетелден кәсіби ойыншыларды тартуға жол ашып отыр. Қазір AIX-тің 29 сауда мүшесі бар, олардың ішінде Кипрде тіркелген Ресейден ВТБ Капитал және Renaissance Capital, Лондоннан келген қытайлық CITIC Securities және sova Capital, сондай-ақ қазақстандық "Фридом Финанс", "Еуразиялық Капитал", SkyBridge Invest, "Сентрас Секьюритиз", BCC Invest және Halyk Finance бар.

"Мұнда Halyk Finance-тың құрылымдық бөлімшесі бар, ол компания атынан операциялық қызмет жүргізеді. Тиісінше, филиалдың қызметі АХҚО биржасындағы операциялармен ғана шектелмейді: клиенттік база бас кеңсе мен филиал арасында бөлінбейді, Halyk Finance-тің барлық клиенттері KASE және AIX жергілікті биржаларына, сондай-ақ халықаралық алаңдарға қол жеткізе алады", - деп Halyk Finance Astana филиалының басшысы Динара Асамбаева.

Сонымен бірге аталған компания Ұлттық банктің лицензиясына қосымш, брокерлік-дилерлік қызмет жүргізуге, инвестициялық консалтинг пен инвестициялық мәмілелерді ұйымдастыруға, сондай-ақ активтерді басқаруға арналған АХҚО лицензиясын да алды.

АХҚО-да өз құрылымын ашқан тағы бір компания - "Фридом Финанс". Өткен жылдың мамыр айында Freedom Holding Corp халықаралық тобының еншілесі Freedom finance Global PLC инвестициялық мәмілелердің әр түрлі түрлеріне, кеңес беруге және инвестицияларды басқаруға қаржы орталығының жергілікті реттеушісі–AFSA лицензиясын алды. "Компанияның міндеті – қазақстандықтарға барлық әлемдік платформаларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін жергілікті инфрақұрылым құру", – дейді компания өкілдері.

Жалпы алдағы уақытта "Фридом Финанстың" өзі институционалдық инвесторлар мен инвестбанкингке, ал Freedom Finance Global – бөлшек клиенттерге қызмет көрсетуге шоғырланады деп жоспарлануда.

Бүгінде қаржы орталығының юрисдикциясындағы реттеудің ерекшеліктері және қатысушылар мен инвесторлар үшін салықтық жеңілдіктер – брокерлердің АХҚО периметрінде жұмыс істеуді таңдауының негізгі себептеріне айналып отыр.

"АХҚО қатысушылары 2065 жылдың соңына дейін табыстың белгілі бір түрлері бойынша КТС–тен босатылды, ал клиенттер үшін сол кезеңде бағалы қағаздарды сатудан түсетін пайдаға нөлдік салық мөлшерлемесі, AIX биржасында листингі бар бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар қолданылады",-дейді Halyk Finance компаниясы өкілдері.

"Ағылшын жалпы құқығы әлемдегі 320 юрисдикцияның 27%-ында қолданылады. Оны енгізудің жарқын мысалы Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығы және Сингапурдағы ұқсас орталық болып табылады", - деп атап өтті Фридом Финанс өкілдері.

АХҚО-дағы ағылшын құқығы нарық ойыншыларына "түсінікті және сенімді" болса, AFSA реттеушісі "үздік әлемдік стандарттар бойынша брокерлерге қатаң бақылау жүргізуде" дейді мамандар.

Әзірге Freedom Finance Global арқылы, мысалы, американдық NYSE және NASDAQ биржаларына, Лондон, Мәскеу және Санкт-Петербург қор биржаларына қол жеткізуге болады. Уақыт өте келе KASE және AIX сауда-саттығына да рұқсат алуға болады, бірақ бір сауда алаңында екі үлестес брокердің жұмысына шектеулер енгізілуі мүмкін. Басқаша айтқанда, Freedom Holding Corp. Өзінің еншілесі арқылы АХҚО қазақстандық бөлшек инвесторларға қорғалған сенімді юрисдикциядан капиталдың шетелдік нарықтарына шығуға мүмкіндік берді.

"Фридом Финанс" АҚ клиенттері АХҚО арқылы жұмыс істеудің артықшылықтарын көріп отыр. Freedom Finance Global бөлшек инвесторлар үшін шоттарды өткен жылдың соңында белсенді түрде аша бастады; 2020 жылғы желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 30 сәуірге дейін компанияда 12 мыңнан астам шот ашылды. Салыстырмалы түрле 2021 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан қор биржасында барлық брокерлер 29,5 мыңға жуық шот ашты»,-деп атап өтті компания өкілдері.

Қорыта айтқанда, бұдан АХҚО-ның мүмкіндіктері әлі де орасан зор екенін көруге болады. Алдағы уақытта АХҚО ел экономикасы дамуының басты драйвері атанатыны сөзсіз.