Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қазақстанда жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы: 2021 жылғы төлем мөлшері мен мерзімі

2021 жылдың қаңтарында республикадағы жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрады.

Қазақстанда жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы: 2021 жылғы төлем мөлшері мен мерзімі
Дереккөз: inbusiness.kz

2020 жылы әлем елдерінің экономикасына оңайға соққан жоқ. Дүниежүзіне таралған пандемияға байланысты енгізілген карантин, әлем жұртшылығын табыссыз қалдырып қана қоймай, кәсіпкерлердің бизнесіне де кері әсер етті. Қуаныштысы Қазақстан Үкіметі осындай қиын-қыстау заманда өз азаматтарын ұмытқан емес және оларға барынша әлеуметтік тұрғындан көмек көрсетуге тырысты. Сонымен бірге, елімізде тұрақты жұмыс орны жоқ азаматтар, жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақыға қол жеткізе алады. Осы орайда Қазақстан Республикасы Үкіметі еліміздегі жұмыссыз азаматтарға қандай сомадағы жәрдемақыны бере алады және ол төлемдерді қалай рәсімдеу керек? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын бүгінгі мақаладан біле аласыздар.

2021 жылдың қаңтарында республикадағы жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрады. Еліміздің тұрақты жұмыс орны жоқ тұрғындары, Қазақстан Республикасының жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемасын ала алады. Мұндай әлеуметтік төлемді жұмыссыздар арасында кімдер ала алады деген сауалға келер болсақ, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Заңға сәйкес, өздері жұмыс істеген орынның мекеме басшылары, яғни жұмыс берушілері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) тиісті әлеуметтік төлемдер жасалған азаматтар аталған қаражатқа қол жеткізе алады.

Жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақыны қалай алуға болады?

Жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы – тұрақты табыс көзінен айрылған, Қазақстан азаматтары ала алатын, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмек болып табылады. Ол үшін жергілікті Жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз азамат ретінде тіркелу қажет немесе egov.kz порталы арқылы өтінім беру керек.

Қаражат Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен төленеді. Айта кетерлігі, әлеуметтік төлемнің мөлшері жоғалған табыстың 40%-ынан аспауы тиіс. Сонымен бірге төлемдер мерзімі соңғы екі жылдағы кіріске байланысты 1-6 ай аралығы ретінде есептеледі.

Жәрдемақы сомасын қалай есептеу керек? Ол үшін төмендегі көрсеткіштерге мән беріңіз. Мысалы:

  • табыстың орташа айлық мөлшері;
  • табысты алмастыру коэффициенті (0,4);
  • әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі.

Осылайша, бір айдағы орташа табыс мөлшері – 24 айға бөлінген, сақтандыру қорына аударымдар жасалған табыс сомасы болып табылады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мынадай түрде есептеледі:

  • 6 айдан аз – 0,1 коэффициент;
  • 6-12 ай – 0,7 коэффициент;
  • 12-24 ай – 0,75 коэффициент;
  • 24-36 ай – 0,85 коэффициент;
  • 36-48 ай – 0,9 коэффициент;
  • 48-60 ай – 0,95 коэффициент;
  • 60-72 ай – 1 коэффициент;
  • 60 айдан бастап – 1 + 0,02 коэффициент әрбір 12 ай үшін.

Төлемдерді алу үшін жұмыспен қамту орталығында тіркелу қажет. Егер 3 күн ішінде өтініш берушіге қолайлы орын ұсынылмаса және ол жұмысқа орналаспаса, онда ол ресми жұмыссыз мәртебесін алады. Әлеуметтік көмек жұмыстан шығу себептеріне қарамастан берілуі тиіс. Әрі қарай, төлемдерді қалай алуға болатындығын және ол үшін не қажет екендігімен толығырақ танысатын боламыз.

Жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы: төлем мерзімдері қандай?

Жұмыссыздар аталған әлеуметтік төлемге қол жеткізу үшін, көмекке қайда жүгіну керектігін және ол үшін қандай құжаттар қажет екенін, сондай-ақ, төлемдерді алуды қай кезеңге дейін жалғасатын болатынын анықтап көрейік. Мәселен, тұрақты табыс көзі жоқ, жұмыссыз азамат қандай мерзім ішінде мемлекеттік төлемдерді ала алады? Жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы (Қазақстан) әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты 6 және одан да көп айдан бастап төленеді. Мемлекеттік портал egov.kz осы жөнінде төмендегі деректерді назарға ұсынады:

  • егер жұмыссыз азаматтың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорындағы  жүйесіндегі өтілі 6-12 айды құраса, онда төлемдер 1 ай ішінде жүргізілетін болады;
  • сол сияқты жұмыс орны жоқ азаматтың қордағы өтілі 12-24 айды құрайтын болса, онда 2 ай ішінде осы көмекті ала алады;
  • 24-36 ай өтілі бар адамдар – 3 ай;
  • 36-48 ай өтілі бар адамдар – 4 ай;
  • 48-60 ай өтілі бар адамдар – 5 ай;
  • 60 және одан да көп өтілі бар адамдар – 6 ай бойы әлеуметтік  көмектің осы түрін ала алады.

Бұдан басқа тағы нені білу шарт? Егер осы жәрдемақыны қайта алуға ниеттенген кезде, әлеуметтік сақтандырудың жалпы өтілінен 12 ай шегеріле отырып, көмек тағайындалады. Төлемдер, егер өтініш беруші: қоғамдық жұмыстарға жіберілсе; кәсіптік оқытудан өтсе де жалғасатын болады.

Қазақстанда жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақыны қалай алуға болады? Ол үшін жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, тиісті анықтаманы алу қажет. Содан кейін қолында төмендегідей құжаттары бар адамдар "азаматтарға арналған үкімет" МО бөлімшесіне жүгінеді:

  • жеке куәлік;
  • жұмыссыз мәртебесі берілгендігін растайтын әрі осы мәртебеде тіркелгендігін растайтын анықтама;
  • мемлекеттік органдар көмек аударатын банктік шоттың нөмірі көрсетілген құжат.

Сонымен қатар, жұмыс орны жоқ азаматтар egov.kz.  порталына тіркеліп, жәрдемақыны үйден шықпай-ақ рәсімдей алады. Порталда тіркелгеннен кейін, келесі батырмаларды басқан абзал:

  • "Жұмыспен қамту және жұмыспен қамту" бөліміне өту;
  • "Жұмыс іздеушілерді тіркеу" жолын басу;
  • Ұсынылған барлық жолдарды толтырып, өтінішке электрондық қолтаңбамен қол қойып, оны жіберу.

Ескере кетерлігі, Жұмыспен қамту орталығы өтінімді сегіз жұмыс күні ішінде қарайды. Үкіметтің электрондық сайты арқылы жүгінген кезде жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынуға тура келеді. Осылайша, қаржылық көмекті 1 айдан 6 айға дейінгі уақытта, ресми жұмысқа орналасқанға дейін, еліміздің кез келген жұмыссыз азаматы ала алады. Тағы бір ескеретін жайт, бұл төлемге бұған дейін ресми түрде жұмысқа орналасқан азаматтар ғана қол жеткізе алады.

Осы орайда, Үкімет дағдарысты жеңуге және азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуде барлық жағдайды жасап жатқанын ескерген абзал. Бұл ретте ел Үкіметі негізгі күш-жігерді ішкі еңбек эмиграциясын құруға бағыттап отыр. Яғни мемлекеттің ұйымшылдығы, оның халыққа деген сенімі мен қолдауы осынау қиын-қыстау кезеңді өткеріп, жанға жақын жұмыс табуға көмектесетіні анық. Сол себепті еліміздің жұмыссыз азаматтарына еңсені түсірмеген абзал. Бұған қоса, елдің жұмыссыз азаматтары енді аталған жәрдемақыны алу үшін, не қажет екенін біледі. Әсіресе оны интернет арқылы рәсімдей алатыны - оларға уақыт үнемдеуге жол ашып қана қоймай, теңдессіз, таптырмас мүмкіндік екендігін мойындаған жөн.