Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Неге қымбат?!": Маңғыстау облысында шенеунік шырын үшін шатақ шығарды (ВИДЕО)

Бұған жауап ретінде сатушы павильонды жалдау ақысы жоғары екенін айтты.

"Неге қымбат?!": Маңғыстау облысында шенеунік шырын үшін шатақ шығарды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының бастығы Жанна Тоқбаева дүкен сатушысынан сатып алған шырынының бағасы бойынша төлегісі келмей, жеңілдікті талап етті деп хабарлайды Paryz.kz, Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосын өзінің Telegram-арнасында саясаттанушы Ербол Еділов жариялады. Видео кадрларынан бөлім бастығының дүкен сатушысымен шырынның қымбат бағасы үшін ұрысқаны көрініп тұр. Бұған жауап ретінде сатушы павильонды жалдау ақысы жоғары екенін айтты.

Кадрлардан шенеунік сатушыны «сен» деп төсінен алып, кейін оның видео түсіргеніне шағымданып, біреуге хабарласты.

Жанна Тоқбаева өз түсініктемесін жарияланған видеоның астына қалдырды.

Мен Жанна Тоқбаева, шын мәнінде онда 270 теңге тұратын 1 литр алмұрт шайы 500 теңге тұрады. Сол күні менде 900 теңгем ғана болды. Қызым 500 теңгеге ойыншық сатып алды, балам су ішкісі келді. 100 теңге жетпей тұрды. Мен шырынды қайтармақшы болғанда қызым жылай бастады, сосын мен одан неге қымбат екенін сұрадым. Сатушы «аренда қымбат» деп жауап беріп, бірден мені видеоға түсіре бастады. Саябақта аналар балаларымен жүреді. Шынымен қымбат. Кішкентайлар ештеңе түсінбей жылай бастайды.

Шенеунік дүкендегі шырынға жеңілдік беруді талап етіп, жанжал шығарды

Еске салсақ, 2021 жылы маусымда Маңғыстаулық шенеунік қарамағындағыларға бастықтарымен «достасуға» кеңес беріп, 50 мың теңгеге қымбат әтір сыйламақшы болған. Әңгіме барысында дәл осы шенеунік Жанна Тоқбаеваның есімі аталады.