Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Коронавирусқа сенбеймін": Атырау облысында науқас ауруханадан шығаруды талап етті

Дәрігерлердің айтуынша, Махамбет ауданының тұрғыны К.Идрисова модульді ауруханаға "коронавирус инфекциясының ауыр түрі" диагнозымен түскен. Оның өкпесі қабынған.

"Коронавирусқа сенбеймін": Атырау облысында науқас ауруханадан шығаруды талап етті
фото: ашық дереккөз

Атырау облысының Махамбет ауданында тұратын 29 жастағы әйел дәрігерлер Сарыөзектегі инфекциялық ауруханада еркінен тыс ұстап отырғанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz, "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Дәрігерлер құжаттарымды тартып алып, мені еркімнен тыс ауруханада ұстап отыр. Мен коронавирус жұқтырған жоқпын, маған "семіздік" диагнозын қойған. Дәрігерлер, мен коронавирусқа сенбеймін, мені үйге жіберіңіздер! Жалпы бұл ауруханадан туыстарыңызды алып кетіңіздер! – деп жазды әйел әлеуметтік желіде.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы инфекциялық ауруханада емделіп жатқан науқас К.Идрисова әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқанын хабарлады.

Болған жайтты қалалық прокуратураға және барлық жауапты қызметтерге хабарладық. Емделуші К.Идрисованың анасы ішке баса көктеп кіріп, дәрігерлердің жұмысына кедергі келтірді. Өзге емделушілердің де мазасын алды. Аурухана дәрігерлері анасына қызының коронавирустан емделіп жатқанын айтса да, құлақ аспаған. Жалған ақпарат таратқаны үшін №2 Атырау облыстық ауруханасының әкімшілігі К.Идрисованы сотқа беруге бекініп отыр, – деп түсіндірді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Дәрігерлердің айтуынша, Махамбет ауданының тұрғыны К.Идрисова модульді ауруханаға "коронавирус инфекциясының ауыр түрі" диагнозымен түскен. Оның өкпесі қабынған. Науқастың жалпы жағдайы қазір тұрақталды. Есін біледі, ем қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартып, үйіне жіберуді талап етіп отыр.