Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Атырауда қойды 130 мың теңгеге сатып жатыр

Ірі қараның бағасы 350 мыңнан басталады.

Атырауда қойды 130 мың теңгеге сатып жатыр
фото: astana.gov.kz

Қаланың мал базарларында ең қымбат қойдың бағасы - 130 мың теңге деп жазады ЭК сайты.

Атырауға төрт түлік Қызылқоға мен Құрманғазы аудандарынан және көршілес Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан әкелінеді. Мүмкін осыған байланысты болар, Құрбан айт қарсаңында мал бағасы шарықтайды.

Мұнайлы астананың мал базарларында ең арзан қойдың бағасы 45 мың теңге болса, еп қымбаты — 130 мың теңге. Сондай-ақ 90-100 мың теңгеге де қой табуға болады.

Қоңыртерек ауылынан әкелінген ұрғашы қойға 90 мың теңге, Сүйіндік ауылынан әкелінген қошқар 130 мың теңге. Қой сойып беру бағасы 3000 теңге, — дейді сатушы Ерман есімді жігіт.

Құрбан айт қарсаңында сату үшін 50 қой алып келген Ерманның сөзіне сенсек, жем-шөп тапшы заманда 130 мың теңгеге қой алуға болады.

Ірі қараның бағасы 350 мыңнан басталады. Түйе мен жылқыны мал базарынан таппадық. Бірақ сатушылар бір сағаттың ішіне тауып беруге әзір.

Құрбандық демекші, мереке қарсаңында әлеуметтік желіде салмағы 204 кг тартатын қойдың бейнежазбасы тарады. Бейнежазбада қойды базарға әкеліп, таразыға өлшеп, салмағына таңғалады. Өкінішке қарай, бейнежазбаның қай өңірде түсірілгені белгісіз, бірақ желі қолданушыларының қызығушылығын оятты. Тіпті неше адамға қуырдақ жасауға болатынын есептеп көргісі келгендер де болды.